astana-view

Артық болмас білгенің...

2016 жылғы 26 Қазан
- Жетісу облысы
13257 просмотров

Облыста «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» аясында кәсіпкерлік негіздерін оқыту өз жалғасын тапты

Өткен аптада Алматы облыстарының Алакөл, Сарқанд және Көксу аудандарында «Кәсіпкерлік негіздері» оқыту курстары басталды. Сабақтар «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша өткізіліп жатыр. Оқуға кәсіпкерлік бастамасы бар барлығы 100 адам қатыспақ.

Аталған курстарда іскерлік идея, кәсіпкерлік психологиясы, бәсекеге қабілеттілік, бизнес жоспарлау, маркетинг, тұтынушылармен жұмыс жасау ерекшеліктері, құқықтық негіздер және тағы басқа бизнес негіздері қамтылған. Кәсіпкерлік негіздерімен танысқан жас кәсіпкерлер курстарда өздерінің күшті әрі әлсіз тұстарын бағалап, мүмкіндіктер мен қауіптерді таразылай алады.  

Бұдан бөлек, семинарда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі, жасыл технологияларды енгізу, тұрақты жұмыс орындарын құру, халықаралық стандарттарға бағдарланған тауарлар мен қызметтер сапасы тақырыптары қамтылды. Кәсіпкерлік негіздерін оқытуды Алматының білікті бизнес-тәлімгерлері жүргізіп жатыр. 

Мәселен, Көксу ауданында «Кәсіпкерлік негіздері» курстарын 38 адам тәмамдаған. Курс аяқталған соң, барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етіледі.

«Қазақстанның дамыған отыз елдің қатарына енуі үшін, ел экономикасындағы шағын және орта бизнес үлесі 60%-дық межеге жетуі керек.  Қазіргі таңда бұл көрсеткіш елде тек 25%-ды құрап отыр. Сондықтан, осындай семинарлардың өтуі ел экономикасын дамытып, алға қойылған мақсаттарға бір табан жақындатады деп сенемін. Қуаныштысы, оқушылардың 90%-ы ауыл тұрғындары. Сонымен қатар, кәсіпкерлер арасында әйелдер мен жастардың көп болуы жақсылықтың белгісі», – деді Көксу ауданы филиалының директоры Марат Бақиев.

Мемлекеттік бағдарлама курстары сонымен қатар, Қапшағай қаласы, Еңбекшіқазақ және Ескелді аудандарында басталып, 16 қарашаға дейін жалғасады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер