astana-view

Онлайн-бизнесті қалай өркендетсе болады?

2016 жылғы 27 Қазан
- Қызылорда облысы
9254 просмотров

Е-commerce саласындағы қазақстандық және шетелдік сарапшылардың қатысуымен электрондық коммерция бойынша бірінші халықаралық интернет-форум өтті

Іс-шараны Қызылорда облысының әкімдігі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып ұйымдастырды.

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев өңір экономикасы үшін электронды сауданың дамуы маңызды екенін атап өтті.

«Электронды сауданың жетістігі көбінесе мемлекеттің саясатына байланысты. Өйткені электронды сауда офлайн-бизнестің қосымшасы болып есептеледі. Егер мемлекет тауар өндірушілерді қолдайтын болса, онда интернет-дүкендерге қатысты белгілі бір жеңілдіктер қарастырады. Мысалы, тауарларды кедендік рәсімдеу және салық төлеу кезінде», – деп атап өтті әкім.

Қырымбек Көшербаев барлық қатысушыларды тәжірибе алмасуға шақырып, қызылордалық кәсіпкерлердің өңірдегі электронды сауда мәселесі бойынша барлық ұсыныстарды қарастыруға дайын екенін атап өтті.

Бұл форумның мақсаты  –  e-commerce элементтері арасындағы жақсы қарым-қатынасты дамытуға ықпал ету, сонымен қатар логистикалық тізбек пен маркетингтік технологияларды насихаттауды оңтайландыру және онлайн-сауда компанияларының табысын арттыру. Сондай-ақ баяндамашылар мен форумға қатысушылар интернетте бизнес жүргізу тәжірибелерімен бөлісіп, электронды коммерцияны дамыту арқылы отандық тауар өндірушілерді қолдау, онлайн-саудадағы электронды ақшаның рөлі және көлеңкелі экономиканы болдырмау мәселелерін түсіндірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер