astana-view

Дарынды жастар бизнесті таңдайды

2016 жылғы 31 Қазан
- Павлодар облысы
10276 просмотров

Бүгін Кәсіпкерлер палатасы Жас кәсіпкер мектебінің түлектері өз бизнес-жобаларын таныстырды

Кәсіпкерлер палатасы, Жастар бастамаларын дамыту орталығы, «Даму» қорының өңірлік филиалы, бизнес өкілдерінен тұратын байқау комиссиясына өміршең, әлеуметтік сұранысқа ие инновациялық жобаларды таңдап алуға тура келді.

Ұсынылған жобалар арасында, «Torrent mobile» ұтқыр қосымшасын жасау жобасы да бар. Жас кәсіпкер Азат Мамықановтың айтуынша, оның идеясы ұялы телефондағы интернет-трафикті үнемдеуге жол ашады екен.

«Бүгінде Қазақстан нарығындағы ұялы байланыс операторлары трафиктердің алуан түрін ұсынуда. Олардың талаптары бойынша, мегабайттардың басым бөлігі түн уақытында пайдалануға бейімделген. Бұл, өте қолайсыз, себебі іскер адамдар маңызды мәселелерді күндіз шешеді. Менің қосымшам мәліметтерді жүктеу қажеттілігі орын алған жағдайда, оны түн уақытымен қосу мүмкіндігін береді. Яғни, мәселен, фильм, әуен немесе басқа да контентті жүктеу керек болса, жүктеу мерзімін түн уақытына қою жеткілікті, ал таңертең қажетті ақпаратты алуға болады. Біз елімізден бөлек, өзге де елдерде қосымшаға деген сұраныс көп болады деп болжап отырмыз», – дейді жоба авторы.

Жергілікті колледж студенттері Әсел Аужанова мен Аида Ұлықпан да тың дүние – «Тэбая» жобасын ұсынды. «Тэбая» – күндізгі уақытта ультрадыбыстар мен түнгі уақытта ультакүлгін шамдардан тұратын жәндіктерді үркітуге арналған қондырғы болып табылады. Олардың идеясына сәйкес, құрылғы ұшатын жәндіктер қауіп-қатер белгісі ретінде қабылдайтын дыбыс шығармақ. Құрылғы адамның есту қабілетіне қауіпсіз дейді авторлар.

Өнертапқыш әлеуетті кәсіпкерлер жеке деректерді сақтау, 3D Polisher – аяқ киімді тазалау және жылтырату бойынша жаңа дәуірдің автоматты қондырғысы сынды жобаларды да ұсынды. Ал, нәзік жандар кешкі киімдер мен сән бұйымдарын жалға беру секілді жобаларды таныстырды.   

Десе де, іріктеу комиссиясының пікірінше, инновациялық әрі жүзеге асырылатын жоба ретінде үш жоба іріктеліп алынған. Олардың арасында  «Грантты калькулятор» бизнес-жобасы – талапкерлерге қажетті ақпаратты алуды барынша жеңілдететін, ЖОО-ға түсу мүмкіндіктерін таразылауға жол ашатын мобильді қосымша да бар. Айта кетерлігі, жобаның интернет-нұсқасы бүгінде  қолжетімді және жоғары сұранысқа ие екен. Енді идея авторы Даниил Лавриков мобильді қосымша жасауды қолға алмақ.  

Сонымен қатар, іріктеу сайысының жеңімпазы ретінде «Жастар KZ» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі танылды. Жоба жастарға жоспарланған іс-шаралар мен байқаулар туралы ауқымды түрде ақпарат ұсынуды көздейді. Сондай-ақ, жеңімпаз үштік қатарында жыл он екі бойы жер астындағы жылыжайда қызанақ өсіру жобасы да бар.

Іріктелген бизнес-идеялар жобаны жүзеге асырудан бастап, алғашқы табыс алуға дейін Кәсіпкерлер палатасының толық сүйемелдеуімен жүзеге асырылады.

Сонымен бірге, бірқатар жобалар биылғы жылдың 2 қарашасында өтетін «Ертіс Инвест-2016» халықаралық инвестициялық форумында таныстыралатын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер