astana-view

Ауылдағы ағайынға – озық ақпарат

2016 жылғы 01 Қараша
- Жамбыл облысы
7877 просмотров

850 фермер Агробіліктілік орталығының тегін курстарында біліктілігін көтерді

Облыста өңірдегі агроұйымдардың басшылары мен қызметкерлеріне арналған оқыту семинарларының циклі (кезеңі) өз мәресіне жетті.

«Шілде мен қазан айларында Кәсіпкерлер палатасы ауыл шаруашылығының 13 басым бағыты бойынша 55 тегін семинар өткізді. Оған шаруа қожалықтарының басшылары мен мамандары қатарынан 850-ден аса адам қатысты. Бұл шара агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін ақпараттық қамтамасыз ету бойынша ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік тапсырмасын орындау аясында өтті», – деді Кәсіпкерлер палатасының директоры Қарлығаш Аралбекова.

Оқыту бағдарламасы аясында өсімдік шаруашылығы бойынша 30 және мал шаруашылығы бойынша 25 семинар ұйымдастырылды. Семинарлардың тақырыптары әртүрлі болды: "Дәнді жүгерілер", "Қант қызылшасы", "Майлы дақылдар (сафлор)", "Жеміс-жидектер және жүзім", "Жабық топырақта өсетін көкөніс дақылдары", "Көкөніс және бақша дақылдары", "Жылқы шаруашылығы", "Сүтті мал шаруашылығы", "Мал бордақылайтын алаңдар", "Сыбаға", "Омарташылық", "Құс шаруашылығы", сонымен қатар "Ет және ет өнімдерін қайта өңдеу".

«Барлық семинарлар қызметтің жалпы қағидаларын, алдыңғы қатарлы технологиялары мен әдістерді қолдану тәртібін түсіндіретін дәрістер түріндегі теориялық бөлімнен және оқылған материалды тәжірибеде көру және қолдануға мүмкіндік беретін тәжірибелік бөлімнен тұрды, – деді Кәсіпкерлер палатасы агроөнеркәсіптік кешен бөлімінің басшысы Руслан Рақымбаев. – Семинарларды өткізуге отандық сарапшылармен қатар шетелдік сарапшылар да қатысты. Бақша шаруашылығы және жеміс дақылдарын өсіру тақырыбын қозғау үшін Таразға Түркиядан Саглам Мұстафа есімді сарапшы арнайы келді. Жылыжайда көкөністерді қалай өсіруге болатыны туралы жамбылдықтарға Израильдан келген сарапшы Элхарар Гад айтып берді». 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер