astana-view

Бизнес жүргізу жеңілдеді

2016 жылғы 01 Қараша
- Солтүстік Қазақстан облысы
6553 просмотров

Ауыл кәсіпкеріне дүкен мен сән салонына құрылыс жүргізуге құқық беретін құжаттар алуға көмек көрсетілді

Кәсіпкерлер палатысының Уәлиханов ауданы филиалына жеке кәсіпкер Алевтина Щербакова сән салоны мен дүкен құжаттарын рәсімдеу мақсатында, құқықтық көмек сұрап келді. 

Құрылыс жұмыстарын кәсіпкер 2013 жылы аяқтаған екен. Алайда, кәсіпкердің  Халыққа қызмет көрсету орталығына жазған өтініші еш нәтиже бермепті. Осылайша, кәсіпкер ғимаратты пайдалануға беру туралы актіні алу мүмкіндігінен айырылған. Себебі, А.Щербакова құрылыс және жөндеу жұмыстарын өз бетімен, рұқсатсыз жасаған екен.

Істің мән-жайына қанық болған Уәлиханов ауданы филиалының сервистік қолдау көрсету бойынша кеңесшісі К.Темірханов дүкен мен сән салонын салу құқығын растау туралы талап арыз жазып, рұқсат беру құжаттарының толық пакетін даярлады. Осылайша, барлық құжаттарды Солтүстік Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жіберді. 

Биылғы жылдың қазан айында мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот  дүкен және сән салонын салу құқығын растау туралы істі жеке кәсіпкер  Алевтина Щербакованың пайдасына шешіп берді.

Енді дүкен мен сән салонына жекеменшік құқығы бекітілгеннен кейін, оған бизнесті дамыту жоспарларын жүзеге асыру оңай болмақ. Себебі, сотпен бекітілген мүлік кепіл ретінде қаралады.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер