astana-view

Қарыз өтелетін болды

2016 жылғы 02 Қараша
- Солтүстік Қазақстан облысы
5684 просмотров

Палата филиалының көмегінің арқасында тараптар бейбіт келісімге келді

Кәсіпкерлер палатасының Есіл ауданындағы филиалына «Жігер-Есіл» шағын несие ұйымы» ЖШС басшысы Любовь Лошаковская ортақ қарыз шартының шарттық міндеттемелерін орындамағандықтан, екінші тараптан 10 961 629 (он миллион тоғыз жүз алпыс бір мың алты жүз жиырма тоғыз) теңге көлеміндегі қаржылай соманы өндіруге көмектесу туралы талап арызбен келіпті.

Кәсіпкерлер палатасы филиалы жауапты тараптардан, яғни аудан тұрғындарынан «Жігер-Есіл» микронесие ұйымы» ЖШС-ның пайдасына 10 961 629 теңге көлеміндегі қаржылай соманы өндіру туралы талап арыз дайындап, сотқа жіберді.

Сотта талап арызды қарау барысында тараптар келісімге келді, соған  байланысты Кәсіпкерлер палатасының Есіл ауданындағы филиалы бітімгершілік келісімді бекіту туралы өтініш әзірледі, ол бойынша жауапты жақ 10 961 629 теңге болатын қарыздарын бөліп төлеуге міндеттелді.

Бүгінгі таңда екі жақ та келісім шарттарын сақтап отыр, жауапты тараптар қарыздарын өтеуде.

ЖШС басшысы Любовь Лошаковская Кәсіпкерлікті қолдау орталығының кеңесшілеріне талап арыз дайындауға, келісімді бекіті туралы өтініш жазуға және азаматтық істі сот шешім қабылдағанға дейін сүйемелдеп, көмек көрсеткендері үшін алғыс білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер