astana-view

Жарнама заңнамаға сай болса

2016 жылғы 04 Қараша
- Солтүстік Қазақстан облысы
6170 просмотров

Сыртқы жарнама орналыстырған кәсіпкердің басы дауға қалды

Визуалды жарнама орнату ережесі кәсіпкерлер үшін бас ауруға айналды. Бұл тақырыпты бизнесмендер Кәсіпкерлер палатасы филиалдары директорларының есеп беру кездесулерінде көтерген еді және осы жайтқа қатысты келіп жатқан арыздар да аз емес.

Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының Уәлиханов ауданындағы филиалына соңғы рет осы мәселемен «Диана Фарм Плюс» ЖШС директоры Мәулен Есенбаев келген еді. Мемлекеттік органдар өкілдерінің дәріханаға жүргізген тексерісі кезінде заңбұзушылық анықталған. Олардың сөзінше, жарнаманы сыртқа орнату үшін жергілікті атқарушы органнның рұқсаты қажет екен, сондай-ақ жарнаманы орналастыруға берілген рұқсат ұзартылмаған. Кәсіпкерлікті қолдау орталығының кеңесшілері кәсіпкерге көмек қолын созды. ҚР Үкіметі бекіткен елдімекендерде сыртқы жарнама нысандарын орналастыру ережелерімен таныса келе, маңдайшадағы жазудың сызбасы әзірленді. «Қажетті құжаттар пакеті Халыққа қызмет көрсету орталығына тіркеліп, «Мәдениет және тілдерді дамыту» мемлекеттік мекемесінің келісімі алынды. Заңда жазылып тұрғандай, жеке кәсіпкерлік субъектілері жылдық мерзім ішінде қажетті құжаттарды қайта ұсына отырып, жарнаманы орналастыруға берілген рұқсат мерзімін ұзартулары тиіс. Бұл, өз кезегінде, жеке кәсіпкерлікті дамытуға айтарлықтай кедергі келтіреді», – деп атап өтті Кәсіпкерлер палатасы Уәлиханов аудандық филиалының директоры Батырхан Ахметов. Сонымен қоса ол айыппұлдардың алдын алу үшін кәсіперлерге осы мәселеге қатысты тиянақты болуға кеңес берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер