astana-view

Бухгалтерлер де біліктілігін көтергісі келеді

2016 жылғы 07 Қараша
- Солтүстік Қазақстан облысы
5967 просмотров

Орталық бухгалтерлер үйі Кәсіпкерлер палатасы, Мемлекеттік кіріс департаменті, «Даму» қорының қолдауымен Петропавлда солтүстікқазақстандық есепшілерге арнап конференция өткізді

Күн тәртібінде бірнеше тақырып тұрды. Олар: «2016 жылғы Салық заңнамасындағы өзгерістерге шолу», «Электронды шот-фактураны қолдану», заңдастыру тәртібін оңтайландыру, жалпыға ортақ декларация, төлем мен төлеу жүйелері, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы мен бухгалтерлерге арналып жасалған жаңа анықтамалық-ақпараттық жүйе – «Витаминка».

Бүгінге дейін 10 миллионнан астам шот-фактура жазылған, 2015 жылы бұл шама 800 мыңды құраған еді. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап мониторингке ілінген ірі салық төлеушілер міндетті электронды шот-фактураға көшеді, 2019 жылдың 1 қаңтарынан ҚҚС (қосымша құн салығы)  төлеушілердің бәрі соған ауысады. Осы бағытта ауқымды өзгерістер болмақ. Солтүстік Қазақстан облысы Мемлекеттік кіріс департаментінің ҚҚС әкімшілендіру бөлімінің басшысы Дмитрий Ковальдтың айтуынша, екі жылдан кейін «Виртуалды қойма», «Бақылау-кассалық машиналар» атты модульдар жұмысын бастауы керек, шот-фактураны қажет етпейтін тауарлардың сатылымы жөніндегі негізгі дереккөз саналатын электронды шот-фактураның ақпараттық жүйесі кассалық чектерді жинақтап, өңдеуге мүмкіндік бермек. Сол арқылы келісім бойынша барлық құжат айналымын электронды түрде жүргізуге болады, бұл көптеген қолайсыздықты жояды, мәселен, құжатты басып шығарып, мұрағатта сақтаудың қажеттілігі болмайды.

Орталық бухгалтерлер үйі мұндай конференцияларды әр өңірде өткізбекші. «Базалық мәліметтерді сақтау орталығы» ЖШС білім беруді ұйымдастыру бөлімінің басшысы Құралай Елубаеваның айтуынша, ақпараттық ғасырда және заңнамадағы үздіксіз өзгерістер заманында бухгалтерлер ширақ болуы тиіс, оларға осы ұйым және Кәсіпкерлер палатасының алаңында құрылған Бухгалтерлер клубы көмектеседі. «Мұндай клуб ашу – өте жақсы идея. Біз өзара байланыстамыз әрі тиімді серіктестік орнатудамыз, сол үшін кәсіпкерлер палатасына қолдау білдіргені үшін алғысымыз шексіз. Клуб өте қажет, ол бізге бухгалтерлер туралы ақпарат жинақтауға көмектеседі, оларға не керектігін көрсетіп отырады, ал біз өз кезегімізде барлық сұрақтарға жауап беруге дайынбыз», – дейді Құралай Елубаева. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер