astana-view

Бизнес бастауға жастардың құштарлығы зор

2016 жылғы 07 Қараша
- Жетісу облысы
6897 просмотров

Жас кәсіпкер мектебінің алғашқы түлектеріне сертификаттар табыс етілді

5 күнге созылған оқу барысында Жас кәсіпкер мектебінің тыңдаушылары бизнес жүргізудің заңдық, экономикалық және әлеуметтік қырларын, сондай-ақ маркетинг пен менеджментті оқып, бизнес-жоспар құруды үйренді.

Кәсіпкерлер палатасының оқытушы бизнес-тренерлерінің пікірінше, аталған курс кәсіпкерлік негіздерін танып, түсінуге көмектескен.

«Қатысушылардың ең басты артықшылықтары – олар әлі жас, күші көп, жасампаз. Олар білуге құмар, ізденімпаз және өз-өздерін жетілдіруге дайын. Бірақ оларға әлі көп іздену қажет. Мәселен, тыңдаушыларымыздың кейбірі бизнесті терең іштей  тану үшін, жалданбалы жұмысшы ретінде істеп көргілері келеді. Ал жас кәсіпкерлер болса, алған білімдерін тәжірибеде қолдануды жөн санайды», – дейді бизнес-тренер Александр Кузнецов.

Оқудың соңғы бесінші күні тыңдаушылар әзірлеген бизнес-жоспарларын таныстырып, болашақ жобаларын қорғады. Болашақ бизнесмендер үшін бұл жан-жақты жетілдірілген алғашқы және шынайы бизнес-жоспарлар болды. Сондықтан бизнес-жоспарларды қорғау кезінде көбі толқыды, сұрақтар қойған сәтте кейбір қателер мен назардан тыс қалдырған мәселелер анықталды. Бірақ айта кетерлігі, жобалар қызмет көрсетуден бастап, кәсіпорынға дейінгі бизнестің барлық салаларын қамтыған. Мал өсіру, жеңіл өнеркәсіп, компанияның жарнамалық ілгерілетуді сүйемелдеу сияқты бизнес-жобалар қызықты әрі маңызды деп танылды.

Жобаларды қорғап болған соң, барлық қатысушыларға Жас кәсіпкер мектебін табысты бітіргендері туралы сертификат тапсырылды. Іс-шара осымен аяқталған  жоқ. Енді жастардың жобалары Кәсіпкерлер палатасының конкурстық комиссиясының отырысында қаралады. Ең үздіктері «Идеялар жәрмеңкесінде» таныстырылады, олар кейін «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберіндегі мемлекеттік грантқа үміткер болады.

Алғашқы топ комиссия алдында ойларын ортаға салуға дайындалып жатқанда, екінші топ оқуларын бастап кетті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер