astana-view

Дастарқан басындағы бейресми сұхбат

2016 жылғы 08 Қараша
- Ақмола облысы
8294 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының құқықтық блок сарапшылары мен БАҚ өкілдерінің бейресми кездесуі өтті

Дастархан басында заңгерлер журналистерге биылғы жылдың тоғыз айында жасалған жұмыстардың қорытындысы туралы әңгімеледі, қойылған сауалдарға өз тәжірибелерінде кездескен мысалдарды келтіре отырып жауап берді. 

Директордың орынбасары Валентина Геращенко сауалдарды тыңдай келе, әкімшілік кедергілер бизнестің дамуына бөгет жасап жатқанын жеткізді, солардың ішінде жиі кездесетін бірін атады. 

Жеке кәсіпкер Т.Оспанова ұзақ уақыттан бері жерінің нысаналы мақсатын өзгерте алмай жүр. Бизнесвумен 15 жылдан бері жерлеу рәсімі бюросының қызметін көрсетеді. Сол үшін жартылай қирап тұрған үйі бар жер сатып алған. Аумағын тазалап, кәсіпкер контейнерлерден уақыша үй жасап, сонда өзінің жұмысын жасап жатыр. Сәулет пен қала құрылысы бөлімінің талабы бойынша аумақты абаттандырып, барлық құрал-жабдығын қаптап, сырлап қойды.  

2015 жылы жер инспекциясы тексеріс жүргізіп, жеке кәсіпкерді жерді мақсатқа сай пайдаланбағаны үшін әкімшілік жауапқа тартады. Кәсіпкер қалалық жер қатынастары бөліміне жүгінеді, ондағы шенеуніктер оның өтінішін сәулет пен қала құрылысы бөліміне келісім алу үшін жөнелтеді. Аталған мекеменің мәлімдемесіне сай нысан орналасқан жер  бас жоспарға сәйкес көгалдандыру мен қоғамдық мақсатта пайдаланылуға жатады екен. Дәл  осы Уәлиханов көшесі осындай уақытша коммерциялық нысандармен толтырылған, бір қарағанда қаланың сауда көшесі іспетті. 

Сәулетші Илуа Әбенованың айтуынша, аталған орамды коммерциялық нысандар ауданына айналдыру мақсатында бас жоспарды қайта қарап, оған өзгерістер енгізу жоспарланып жатқан көрінеді.

Содан кейін Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі облыстық басқарма бизнесвуменнің жерін тәркілеу туралы сотқа арыз береді. Алайда Палатаның кәсіпкерлер құқын қорғау мен әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің сарапшылары араласып, істі жіті зерттеп, бірқатар дәйектер келтірген соң, арыз кері қайтарылды. 

Кәсіпкерлік кодекс нормаларын алға тартқан Валентина Геращенконың айтуынша, бұл мәселе басы ашық күйінде қалып отыр.

Кәсіпкерлер құқын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің басшысы Расул Сыздықов журналистермен болған әңгімеде, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы екі бизнес субъектісі арасында медиатор ретінде де жүретінін айтты. Мәселен, Палатаның араласуымен танымал көлік маркасының дилері мен көлігін жөндетуге әкелген клиент – жүк тасымалдаушы кәсіпкер арасындағы дау тез шешілді. 

Арзандатылған жанар-жағар май үлестіру мәселесі де – бақылауда. Осы саладағы ашық, нақты тетіктің жоқтығы кәсіпкерлерге кедергі жасап, қызмет көрсету кезінде жемқорлыққа итермелеп жатыр (жанар-жағармай тарататын операторлар үшін). 

Валентина Геращенконың айтуынша, қазіргі таңда бағасы мемлекеттік реттеуге бағынатын Мұнай өнімін бөлетін өңірлік операторларды анықтау ережесі мен қағидаттары өз күшіне еніп жатыр. Соларға сай облыс әкімдігінде өңірлік операторларды анықтайтын комиссия құрылады, алайда бұл құжат барлық мәселені шешпейді, сондықтан жанар-жағар майды бөлшек саудамен айналысатын операторларға бөлу мәселесі баяғыша өзінің өзектілігін жоймай отыр.  

Жыл басынан бері Палатаға бизнесті қорғау бойынша 344 шағым түсіп, оның 191 оң шешім тапты. Олардың үштен бірі – ұзақ уақыттан бері құрылысқа жер ала алмай жүрген, жарнамалық билборд орнату үшін жер теліміне рұқсат ала алмаған кәсіпкерлердің проблемалары, сондай-ақ олардың арасында нысанды реконструкциялау мен өзге де жер қатынастарына, сәулет пен қала құрылысына қатысты түйткілдер бар. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер