astana-view

Senior Professional

2016 жылғы 08 Қараша
- Жетісу облысы
7961 просмотров

Канадалық сарапшы Алматы облысындағы компанияны дамытуға атсалыспақ

Өңірде «Аға сеньорлар» жобасы басталды. Жобаның басты идеясы –  менеджмент және маркетинг, өндіріске жаңа технологиялар енгізу мәселелері бойынша кеңес беретін шетелдік маман тарту. Биыл кәсіпкерлерге Канаданың экологиялық инженерия және менеджмент жөніндегі сарапшысы Джордж Катсаров өз білімі және тәжірибесі туралы сыр шертпек. «CESOInternationalServices» компаниясы өкілінің экожобаларды басқару ісі бойынша 40 жылдық еңбек өтілі бар. Катсаров әлемнің бірқатар елдерінде кеңесші болып қызмет еткен. Олардың арасында Боливия, Колумбия, Гондурас, Перу, Филиппин, Қытай, Камерун, Армения және Украина бар.

Ол білімі мен тәжірибесін Талғар ауданындағы «Сырат» ЖШС қызметкерлерімен бөлісті. Айта кетерлігі, компания өз жұмысын 2009 жылы бастаған. Компания мамандары техногендік өзгеріске ұшыраған суды биоқұрылымдау және қайта қалпына келтірудің иннвовациялық технологиясын ойлап тапқан. Осылайша, биоқұрылымданған «Aquamira» суы – табиғи технология арқылы жасалған алғашқы өнім болып отыр.  Бүгінде компания суды биоқұрылымдау технологияларын қолданудың жаңа әдістерін жетілдіруді жалғастырып жатыр. Джордж Катсаров шығарылған өнімге жоғары баға берді.

«Біздің су түр-түрге бөлінеді. Бұл «Аквамира классик» маркалы суы, яғни оны «тірі су» деп атауға болады. Сондай-ақ «Фитнес» суы деген бар. Оны биогенді су деп те атап жатады. Сол секілді «Аквамира йод» – йодофильді биогенді су деген түрі де болады. Оның құрамында йод мөлшері аз. Сондықтан, бұл суды қалқанша без патологиясының алдын алу үшін қолдануға болады», – деді ЖШС бас директоры Жаныш Дәуітәлиев.

Сарапшы су өндіру технологиясы, өнімнің сыртқы түрі мен дизайны туралы өзінің кәсіби көзқарасын білдіре отырып, маркетингті реттеу арқылы өнімді шығару және оны сату көрсеткіштерін барынша жақсартуға болатынын айтты. Оның айтуынша, компания бәсекеге қабілетті болуы үшін, ондағы қондырғыларды жаңартуы керек екен. Сонымен қатар Катсаров қызметкерлерге дәріс оқып, олардың сауалдарына жауап берді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер