Аудандық кеңестер қолдау көрсетеді
Өңірлік палата филиалдарында 7 аудандық кәсіпкерлер кеңесі мен 1 қалалық кеңес құрылды
Олардың басты мақсаты – аудандағы кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдай жасау үшін ӨКП филиалдарына көмектесу. Сонымен қатар, аудандағы кәсіпкерлікті дамыту үшін кәсіпкерлерді мемлекеттік саясат аясында неғұрлым көбірек жұмыс істеуге шақыру, олардың бастамаларына қолдау көрсету, сол арқылы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу.
Оның үстіне аудандық кеңес мүшелері нормативтік-құқықтық актілердің жобаларына қоғамдық сараптама жүргізуге, оған өз ұсыныстарын енгізуге, аудандағы жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бағдарламаларын әзірлеп, оны жүзеге асыруға белсенді қатыса алады.
Облыстың әр ауданында болып өткен кездесулер нәтижесінде жергілікті делегаттардан жасақталған аудандық кеңестер (Өңірлік кеңес орнатқан квота аясында – жетіден он бес адамға дейін) құрылды. Жергілікті бизнес-қауымдастықтардағы беделді кәсіпкерлер кеңес төрағалары болып сайланды.
«Аудандық кеңестерден нақты жұмыстар мен жоспарлар күтеміз, олар кезең-кезеңімен жүзеге асып, дұрыс бағыт-бағдар жасалғаны жөн. Бір сөзбен айтқанда, жер-жерде кәсіпкерлікті дамытуға үлес қосулары керек», – деп алдағы мақсат-міндетті айқындады Өңірлік кеңестің төрағасы Қазбек Ескендіров.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: