astana-view

Монополисті райынан қайтарды

2016 жылғы 11 Қараша
- Қостанай облысы
8609 просмотров

Қоғамдық тамақтандыру саласында жұмыс істейтін Жітіқара бизнесмендері монополисттің заңсыз талаптарынан құтылды

Мәселенің шешілгені жөнінде аудандық Кәсіпкерлер палатасының директоры Дәурен Мүңкебаев бизнесмендермен болған есеп беру кездесуінде хабарлады.

Оның сөзінше, 2016 жылы «Жітіқаракоммунэнерго» коммуналдық кәсіпорны қалалық кәріз жүйесін пайдаланатын қоғамдық тамақтандыру нысандарының қожайындарына қосымша талаптар қойған. Қолданыстағы тарифтен бөлек, кәсіпкерлерді ағын судағы зиянды заттардың мөлшерден тыс болғаны үшін де төлем төлеуге міндеттеген. Ал бұл әр нысаннан шамамен 90 мың теңге алынады деген сөз. Бизнесмендер бұл талаптармен келіспей, Палата филиалына келіп жүгінді. 

«Біз МКК (мемлекеттік коммуналды кәсіпорын) басшыларын, аудандық прокурорларды, табиғи монополияларды реттеу жөніндегі мамандарды, санитарлық дәрігерлерді шақырып, дөңгелек үстел өткіздік. Талқылау кезінде типтік шарттың қосымшасында көрсетілген талаптар заңсыз екені белгілі болды. Нәтижесінде, прокуратура МКМ басшысының атына наразылық білдіріп, нәтижесінде монополист өз талабынан бас тартты», – деп мәлімдеді Мүңкебаев.

Дәурен Мүңкебаев Жітіқара бизнесмендерін алаңдатып отырған тағы бір әкімшілік кедергіге тоқталды. Оның айтуынша, бір кәсіпкер алкогольды өнімдерді сатуға арналған лицензиялық алымды әрбір сауда нысаны үшін төлеуге міндеттеледі екен.

«Олар бизнестерін кеңейтіп, шығынды азайтуға тырысса да, іс жүзінде қосымша шығынға батып отыр. Кассалық аппараттан бөлек, қолындағы лицензиядан басқа, олар тағы қосымша лицензия алуға мәжбүр болып отыр», – деп мәлімдеді Мүңкебаев.

2016 жылдың басынан бері Кәсіпкерлер палатасының филиалына бизнесті қорғау бойынша 22 шағым келіп түскен. Олардың 9-ы оң шешім тапса, тағы тоғызына қолданыстағы заңнама мен шағым жазу тәртібі түсіндірілді. Кәсіпкерлер палатасы сарапшылары дер кезінде араласуының арқасында әкімшілік кедергілер жойылды, ал мәселелердің қалған бөлігі «Атамекен» ҚР ҰКП деңгейінде шешілмек. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер