astana-view

Ерте басталған істің есесі мол

2016 жылғы 15 Қараша
- Солтүстік Қазақстан облысы
5372 просмотров

Аққайың ауданының оқушылары кәсіпкер атанудың жолдары турасында әңгіме-дүкен құрды

Кәсіпкерлер палатасы филиалы директорының бастамасымен №1 Смирнов орта мектебінде жоғары сынып оқушыларына арналған «Қалай кәсіпкер атануға болады» тақырыбында семинар өтті. 9-11 сыныптың оқушыларына мемлекет қолдауымен шағын және орта бизнесті дамытуда жүргізіліп отырған  шаралар жайында ақпарат берілді.

Іс-шара барысында еліміздегі осы секторды дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаларға кеңінен тоқталды. Бәрінен де оқушыларды «Жас кәсіпкер мектебі» жобасы қызықтырды, кейбір оқушылар бұл мүмкіндікті кейінге қалдырмай, жобаға қатысуға өтінім берді. Бұдан бөлек, қарапайым адамның қалай табысты бизнесмен атанғандығын көрсету үшін, жоғары сынып оқушыларымен кездесуге жас кәсіпкер Азамат Мұқанов шақырылды. Азамат фотоға түсіру қызметін көрсетеді, визиттік карталар шығарып, жазу таңбаланған салпыншақтар шығарумен айналысады. Сондай-ақ ол салтанатты шараларды фотоға, видеоға түсіреді. Оқушылар жақында ғана мектепті тәмамдаса да, табысқа қол жеткізе бастаған ауылдастарының әңгімесін ден қоя тыңдады.

Семинар «Жастар бастамасы орталығы» мемлекеттік органымен бірлесе отырып өткізілді. Орталық директоры Арман Рахымжанов әңгімелесу барысында жұмысқа орналасу кезінде сұранысқа ие мамандықтарды оқу керектігін айтты. Мәселен, сондай дәнекерлеуші, тас қалаушы, майлаушы, тракторшы, механизатор, комбайн айдаушы, машинист сияқты мамандарға әрқашан сұраныс бар.

СҚО Кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры Руслан Аитов семинар соңында оқушыларды не кәсіпкер болуға, не жалдамалы қызметкер болуға шақырды. Ол кәсіпкер болғысы келетіндерге «Жас кәсіпкер мектебі», «Іскерлік байланыстар» сияқты жобалар көмекке келетіндігін де айтты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер