astana-view

Органикалық ауыл шаруашылығы

2016 жылғы 16 Қараша
- Ақмола облысы
10552 просмотров

Көкшетауда өткен дөңгелек үстелде органикалық ауыл шаруашылығын дамыту мәселесі талқыланды 

Бұл кездесуді G-Global халықаралық хатшылығының және Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен «Жасыл экономика және G-Global-ды дамыту коалициясы» ЗТБ (заңды тұлғалар бірлестігі) мен Астанадағы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бағдарламалар кеңсесі  ұйымдастырды.       

«Органикалық өнім өндірісі туралы» заң Қазақстанда бір жыл бұрын қабылданған. Бұл мәселе ауылшаруашылық мамандарынан бастап қоғамдық ұйымдарға дейінгі әртүрлі сала өкілдерінің басын қосты. Оған осы салада жүрген халықаралық сарапшылар да қатысты. Бүгінгі таңда органикалық ауыл шаруашылығы әлемнің 160 елінде бар екені айтылды, бұл саладағы айналым шамамен 90 миллиард долларға тең. «Жасыл экономика және G-Global-ды дамыту коалициясы» ЗТБ басқарма төрайымы Салтанат Рақымбекова сол елдердің 88-де жерді органикалық түрде қолдану туралы заң бар екендігін айтты, олардың қатарында Тәжікстан, Грузия, Украина, Молдова, Әзірбайжан бар.

Қазақстанда бар-жоғы отыз шаруашылық қана бар, олар Алматы, Солтүстік-Қазақстан, Қостанай облыстарында орналасқан. Шетелдік сарапшылардың байқауынша, Қазақстанның әлеуеті зор, Германиядан келген сарапшы Райнер Фридэль айтқандай, қазақстандық өнімнің дені жалпы органикалық болып келеді, препараттарды пайдалану мен жерге агротехникалық өңдеу тәсілдерін қолдану үшін, фермерлерге толық сертификациядан өтуге тек құжаттық мақұлдаулар ғана жеткілікті. 

Дөңгелек үстелде Ақмола облысындағы органикалық ауыл шаруашылығын дамытудың келешегі жөнінде әңгіме қозғалды. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы агроөнеркәсіптік кешен бөлімінің басшысы Гүлмира Джазина бұл өңірдегі органикалық ауылшаруашылық өнімдеріне қатысты барлық бастаманы палата қолдауға дайын екендігін айтты. «Жасыл экономика және G-Global-ды дамыту коалициясы» ЗТБ өкілдері жуырда «Органикалық орталық» ашылатынын мәлімдеді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер