astana-view

ҰКП жүргізген мониторинг бойынша, жемқорлық дендеген жерлердің бірі АҚБ болып шықты

2014 жылғы 27 Наурыз
9890 просмотров

Қазақстанда жемқорлық дендеген жерлердің бірі - мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылаудың аймақтық департаменттері екен. Бұл Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүргізген қоғамдық мониторинг қорытындысы бойынша жасалған мәлімет. 

Кәсіпкерлер арнайы рұқсат қағаздарын алу кезінде, бұл мемлекеттік орган қызметкерлері тарапынан түрлі әкімшілік кедергілерді әдейі жасалады екен. Жемқорлық кең етек алған жерлердің бірі – салық органдары, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, сәулет және жер қатынастары жөніндегі мекемелер, «Жер кадастрының ғылыми-өндірістік орталығы».

Мониторинг 2013 жылдың 20 желтоқсанынан бастап, 2014 жылдың 20 қаңтары аралығында жүргізілді. Онда мемлекеттік органдар және мекеме тарапынан 30 мемлекеттік қызмет түрінің қандай сапада жүргізілетіні сарапқа салынды.

Сауалнама жүргізудегі негізгі мақсат – осы саладағы әкімшілік кедергілер мен мемлекеттік қызметкерлер тарапынан жіберілетін рәсімдік және субъективті заң бұзушылықтар, мемлекеттік қызмет көрсету түрлерін оңтайландыру үшін стандарттар мен уақыт тәртібіне өзгерістер енгізу үшін ұсыныс жасау.

Қоғамдық мониторинг барысында 12839 кәсіпкер сауалнамаға қатысып, 141 фокус-топ, 327 «таңғажайып сатып алушылар», 589 сұрақтарға жауап беріп, 4614 сағаттың ішінде 389 мемлекеттік органдарда бақылау жүргізілді.

Қоғамдық мониторинг қорытындысы бойынша, мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызмет көрсетудің мезгілі мен стандарттардың жетілмеуінен бастап, мемлекеттік қызметкерлер тарапынан жемқорлыққа дейінгі өте көп түйткілдердің бары анықталды.

Сауалнама алынған кәсіпкерлердің 45 пайызы – мемлекеттік қызмет көрсету органдарында қалыптасқан жағдай бойынша, мемлекеттік қызмет көрсету барысында олар мәселені тиімді шешу үшін «заңсыз әдістер» қолдануға мәжбүр болатындықтарын айтқан.

Сонымен қатар, жаңадан ашылған кәсіпорын қызметкерлері жемқорлықтың жемі болады екен. Кәсіпкерлер өз бизнесін қалыптастыру жолында, жемқорлықтың белгілі кезеңінде бейімделетінін, оның нәтижесінде жемқорлық аясында қарым-қатынас орнататындықтарын жасырмаған.

Кәсіпкерлер мына қызмет түрлерінен жапа шегеді екен: ғимараттың сәулет-жобалау құжатын алу, кедендік тазалау және тауар шығару, жер учаскесінің пайдалану мақсатын өзгерту туралы шешім, жер құрылыс жобасын бекіту, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша субсидия алу;

Кәсіпкерлер мемлекеттік қызмет көрсетудің 30 түрінің ішінде 26-нда мемлекеттік орган қызметкерлерінің біліксіздігіне, 22 түрі бойынша – белгілі  қызмет түрін алу тәртібінде ақпардың жоқтығына байланысты қызмет түрімен қамтылмағандығы , бекітілген формаларың күрделілігіне, 18–і бойынша қызмет көрсетуге мүлде көңілдері толмайтындығын жеткізген.

Мемлекеттік қызмет көрсету мына қалада қанағаттандырылмайтындық деңгейде: Астана (54,4%), Алматы (61%) и Ақтөбе облысында (55,8%).

Сонымен қатар, көрсетілетін қызмет түрлерінің уақытын белгілеуге байланысты, мемлекеттік ақпараттық жүйелерге мәліметтер туралы сауал жіберілген кезде, бас тарту мен мәлімет жинау көлеміне байланысты ақпар жөнелтуді бекітуге қатысты қазіргі әзірленіп жатқан стандарттар бойынша құқықтық сараптама жасалды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінде, Транспорт және коммуникация министрлігінде, Аймақтық даму министрлігінде, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінде, Қоршаған ортаны қорғау және су ресустары министрлігінде, Қаржы министрлігінде заң бұзушылықтар орын алғаны анықталды.

Аталған кемшіліктерді жойып, кешенді шаралар қабылдану үшін мониторинг нәтижелері ҚР Үкіметіне, мемлекеттік сапалы қызмет көрсету бойынша уәкілетті орган – ҚР Мемлекеттік қызмет жөніндегі Агенттіке тексеру қорытындылары жіберілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер