astana-view

Ұлттық банк пен Палата кәсіпкерге көмектесті

2016 жылғы 16 Қараша
- Солтүстік Қазақстан облысы
5535 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы мен Ұллттық банктің филиалы бизнестің қамы үшін әріптестікті нығайтты

Жағдай тұйыққа тірелген кезде, дау-дамайды шешу үшін үшінші – мүдделі емес тарапты тарту қажет. Петропавлдық кәсіпкердің жағдайында үшінші жақ ретінде Палата қызметкерлері мен Ұлттық банк филиалының өкілдері жүрді.

Сәуле Айсенова 12 жылдан бері кәсіпкерлікпен айналысып келеді. Қызмет саласы – тауарлар сату, орынды жалға беру қызметін ұсыну.

2014 жылы Сәуле Айсенова жаңа бизнес-жобасын несиелендіру үшін, екінші деңгейлі банкке барған. Осы жылдың басына қарай кәсіпкердің  кепілдік мүлкі оның осыған дейін рәсімдеген несиесінің өтелмеген сомасының құнынан біршама артып кеткен. Кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайын жақсарту мақсатында бизнесвумен банкке мүліктің жарты бөлігін кепілден босату туралы өтінішпен барған. Кәсіпкердің қаржылық-шаруашылық мүмкіндіктерін бағалай келе, қаржы институты келісімшартқа несиені мерзіміне дейін біртіндеп бөліп төлеу жөнінде арнайы өзгеріс енгізеді.

Мүлікті кепілден босатуға қатысты жағдай ұзаққа созылып кеткендіктен, кәсіпкер Кәсіпкерлік палатасының құқықтық блогының сарапшыларына жағдайды талдап, консультативті-құқықтық көмек беру туралы өтініш білдірді.

Сонымен, әріптестік шеңберінде Ұлттық банк филиалында банк филиалының басшысының қатысуымен орын алған жағдайға байланысты келісімге келу жолдарын іздестіру бойынша келіссөз өтті. Келіссөз нәтижесінде, кәсіпкер мен екінші деңгейлі банктің мүдделеріне толықтай жауап беретін келісімге қол жеткізілді. Тиісті хаттамаға қол қойылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер