astana-view

Отандық дәрі-дәрмектерді кімдер сатып алады?

2016 жылғы 17 Қараша
8218 просмотров

Отандық тауар өндірушілерге дәрілік заттарды ашық түрде сатып алу қолжетімсіз болып тұр

Жүйедегі бірқатар келеңсіздіктер медициналық мақсатта қолданылатын бұйымдар мен дәрілерді сатып алуда отандық тауар өндірушілерге тең мүмкіндіктер бермей отыр.

Бұл жөнінде, Ұлттық палатада өткен кезекті отырыс барысында, «Атамекен» ҰКП Жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы күрес кеңесінің мүшелері мәлімдеді. Олар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (одан әрі – ТМККК) шеңберінде қол жеткізілген дәрілік заттар, медициналық мақсатта қолданылатын бұйымдар мен медициналық техникаларды сатып алу саласында жүргізілген, жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелерін жариялады.

Отырысты ашқан, кеңес төрағасы Қайырбек Сүлейменов, мониторинг барысында анықталған ұйымдық-құқықтық кемшіліктер экономиканың аталған сегментіндегі бәсекені шектеп, жемқорлық деректерінің орын алуына негіз болып отыр отырғанын айтты.

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында, дәрілік заттармен қамтамасыз етуге кететін мемлекеттік шығындар көлемі жыл сайын артып келеді. Осылайша, 2009 – 2016 жылдар арасында, 55 млрд-тан 160 млрд теңгеге дейін артқан. Сонымен қатар, медициналық мақсатта қолданылатын бұйымдар мен дәрілік заттарды сатып алу жүйесінде бірқатар келеңсіздіктер орын алып отыр. Оған кәсіпкерлер тарапынан «Атамекенге» келіп түскен өтініштер дәлел бола алады. Жеткізушілерді алалау, олардың сатып алуларға тең дәрежеде қатысуына кері әсерін тигізіп отыр. Бұл бәсекені шектеп, жемқорлық деректерінің орын алуына негіз болады», – деп мәлімдеді Қайырбек Сүлейменов.

Кеңес мүшесі, Мәжіліс депутаты Иван Клименконың айтуынша, Мемлекет басшысының тауарлар мен қызметтерді бюджет қаржысы есебінен сатып алу туралы тапсырмасы  дәрілік заттарды сатып алу саласында орындалмай отыр. Бұл ретте, депутат тауарлар мен қызметтерді оңтайландыру және оларды жемқорлықтан қорғау жұмыстары туралы ой қозғады.  

«Мәселен, әлі күнге дейін, байқау құжатнамасы аясында енгізілетін құжаттардың бір бөлігі нотариалды түрде рәсімделіп келеді. Алайда мұндай талап мемлекеттік сатып алулар туралы ережеден баяғыда алынып  тасталған. Медицина техникаларын шығарушы отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған ережелер іс жүзінде жүзеге асырылмайды. Осылайша, 10 бапқа сәйкес, ТМККК аясында, дәрілік заттарды сатып алу құқығы жергілікті атқарушы органдар құзыретіне беріліп отыр. Осыған орай, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары оларды орталықтандырылған тәрптіпте жүзеге асырып келеді. Бірақ Ақмола, Қостанай облыстары мен Алматы және Астана қалаларында дәрілік заттар мен медициналық мақсатта қолданылатын бұйымдарды сатып алуға қатысты жергілікті атқарушы органдар қызметі медициналық көмек көрсететін – ауруханалар мен емханалар құзыретіне берілген. Ал,бұл сатып алу процесін барынша ашық етеді деген ойдамын. Дәрі-дәрмектер мен медициналық техника бағаларын бекіту әрі тіркеуге қатысты келеңсіздіктер кәсіпкерлердің сатып алу процесіне ашық әрі қолжетімді түрде қатысуына кедергі келтіріп отыр», – деді Иван Клименко.

Сондай-ақ ол Есеп комитетінің 2015 жылдың басындағы мәліметі сүйеніп, жалпы сомасы 1,3 млрд теңгені құрайтын иммунобиологиялық препаттардың артық көлемдегі қоры анықталғанына тоқталды. 

«Медициналық қызметтерге қатысты, әділ бағаның болмауы аталған секторда МЖӘ-нің (мемлекеттік-жекеменшік әріптестік) дамуына мүмкіндік бермей отыр», – деді  депутат.

Иван Клименконың мәліметінше, медициналық техника мен дәрілік заттар бағасын бекіту және тіркеуге қатысты келеңсіздіктер кәсіпкердің сатып алуларға қатысуына кедергі жасап отыр. Бағаларды тіркеу кәсіпкерлер құқығын, еркіндігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыру түрі болып саналғанымен, аталған қызметтер мемлекеттік қызметтер Реестріне енбей, құқықтық түрде реттеу санатына жатқызылмай отыр.

Сонымен бірге, Формулярлық комиссия жұмысы туралы ақпараттан хабарсыз болғандықтан, құқықтық вакуум оқиғалары орын алып отыр. Бұл, өз кезегінде, жемқорлық деректерінің орын алуына ықпал етіп келеді. Ал, демпингтің алдын алуды регламенттеудегі құқықтық келеңсіздік отандық тауар өндірушілерді шығынға батырып, әділетсіз бәсекеге жол ашқан.

Жергілікті атқарушы органдардың медициналық техниканы сатып алудың бекітілген тәртібін бұзуы медицина техникаларын шығаратын отандық тауар өндірушілер құқығын шектеп қана қоймай, сондай-ақ, жемқорлыққа қатысты қылмыстардың жол берілуіне әкеліп соқтырып отыр.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің өкілі Зәуреш Мұшанова, Кеңестің бағаны тіркеу ісін мемлекеттік қызметтер Реестріне өткізу туралы пікірімен келісетіндігін жеткізді. Сондай-ақ, ол еліміздегі дәрілік заттар бағасының қалай бекітілетініне тоқталып өтті. 

«Дәрілік заттар бағасын реттеу мақсатында  арнайы жұмыс тобы құрылған. Кодекс бекітілгенге дейін, қоғам тарапынан бірнеше мәрте баға саясатына қатысты ескертулер жасалған еді. Олардың дәрілік заттардың түпнұсқа бағасымен патенттелмеген дәрілер сатып алынады деген пікір білдірген еді. Осыған орай, Денсаулық сақтау министрлігі, халықаралық кеңесшімен бірге, 2015 жылдың шілде айында, ТМККК аясында, ДЗ (дәрілік заттар) мен ММҚБ (медициналық мақсатта қолданылатын заттар) бағасын белгілеуге қатысты жаңа ережелер бекітті. Жаңа әдіс бойынша, тауар өндірушінің өкілі тіркеуден өту үшін, бағаны өзі ұсынатын болады. Одан әрі Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы, оны бөлшектік, көтерме және халықаралық бағаны ескере келе сараптайтын болады. Сараптаудан өткеннен кейін, Орталық бағаны тіркеуге қатысты ұсыныстар береді. Бұл әдіс бағаны арзандату үшін,  артық звеноларды алып тастауға мүмкіндік берді», – деді Зәуреш Мұшанова.

Қазақстандағы бірыңғай дистрибьютор болып саналатын «СК-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасы Нұржан Әлімбаев, Кеңес мүшелерінің кейбірінің пікірімен келіспеді. Ол СКФ медициналық қондырғылар мен дәрілік заттар шығаратын отандық тауар өндірушілерді қолдамайды деген пікірге үзілді-кесілді қарсы болды.

«2017 жылға сатып алынған 896 дәрілік заттың 462-cі – отандық өнім», – деді Нұржан Әлімбаев.

Ақпаратқа сүйенсек, ОТӨ (отандық тауар өндірушілерге) қолдау көрсету мақсатында орталықтандырылған сатып алудың 47 түрі СКФ-ға берілген.  Жалпы, орталықтандырылған сатып алулар нәтижесінде, өңірлердегі баға теңестіріліп, тікелей келісімшарттардың саны арта түскен.

СК-Фармация 2015 жылдың соңында орын алған тағы бір жайтты мысалға келтірді. Онда әлемдік экономикалық дағдарыс салдарынан, 2016 жылға арналған фармацевтикалық бұйымдарды сатып алу мәселесі шешілмей қала жаздаған. Алайда, бірыңғай дистрибьютордың айтуынша, СК-Фармация дәрілік заттардың барлық көлемін бұрынғы бағада сатып ала алған екен.

Кеңес мүшелері, сонымен қатар, дәрілік заттарды сатып алу саласында жемқорлық деректерінің орын алуына Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бәсекені шектейтін нормативті құқықтық актілерді бекітуі де себеп болып отыр деді.  Н.Ә.Назарбаевтың бес институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша, Ұлт жоспарының 81 қадамына сәйкес мемлекеттік емес мекемелер арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін арттыру ісі қаралса да, аталған салада мемлекеттік мекемелердің мүдделерін қолдап, жекеменшік сала өкілдерінің қатысуын шектейтін құқықтық актілер әлі күнге дейін өз күшін жойған емес.

Сонымен бірге Бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченко мен  Кеңес мүшелері ТМККК жүйесіндегі, дәрілік заттармен қамтамасыз етудегі жемқорлық деректеріне назар аударды.

Осыған орай, медициналық техника мен дәрілік заттарды сатып алу тәртібін регламенттейтін заңдарды өзгерту үшін, тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстар айту туралы шешім қабылдады. Олардың ашықтығын қамтамасыз ету үшін және жемқорлық деректерінің алдын алу мақсатында Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы базасында, аталған сатып алулардың мәліметтер базасын құру туралы ұсыныс айтылды.

Ал, Бас прокуратураға Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бәсекені шектеп, жекелей заңды тұлғаларға басымдық беретін жеке бұйрықтарын жоққа шығару туралы ұсыныс айтылды. Бұдан бөлек,  «СК-Фармация» ЖШС-ға аталған саладағы жемқорлықтың алдын алу үшін, нақты шаралар қабылдауды тапсырды. 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер