astana-view

«Ордабасы құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылары ҰКП өкілдеріне кәсіпкерлікке қатысты заңдарды өзгертуге байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстарды қуаттап отыр

2014 жылғы 15 Наурыз
11305 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметовтың атына «Ордабасы құс» ЖШС басшылығы атынан алғыс хат келіп түсті.

Хатта оңтүстікқазақстандық кәсіпкер «Инвестициялық салымдар бойынша агроөндірістік кешендер субъектілерінің жарты шығынын өтеу жөніндегі субсидиялау Тәртібін бекіту туралы» Үкімет Қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізуге атсалысқан Ұлттық палата өкілдеріне алғысын білдіреді.

«Қазақстан Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ықпалымен, «Құс өсіру кәсіпорынын құру және модернизациялау туралы» №7 Қосымшаның 2 бөлімі мынау төлқұжат жобаларымен толықты: «Құс шаруашылығын салу бойынша өсіру, құс сою, жылына 4,5 мың тонна түйетауық етін қайта өңдеу» және «Жұмыс істеп жатқан өндірісте салқындатылған түйетауық етін жылына 3 мың тоннаға көбейту үшін кешендді модернизациялау туралы» бөлімдерге  өзгеріс енгізілді.

«Ордабасы құс» ЖШС-нің жоғары технологиялы құс өсіру кешені 2010 жылдан бастап өндірістік қуаты 5000 тоннаға дейін түйетауық етін өңдеп келеді.

Кешен ОҚО Ордабасы ауданындағы Бадам ауылында орналасқан. Бұл кешен түйетауық етін өндірістік негізде өңдейтін Қазақстандағы бірінші агроөндірістік кешен. Нысан Қазақстанның индустрияландыру Картасына еніп, «Казагрофинанс» АҚ-ның еншілес компаниясының қаржыландырылуымен іске қосылды. Бұл жобаның жалпы инвестициясы 5,58 млрд теңге.

2013 жылдың соңында кешенді кеңейтудің екінші кезеңінде түйетауық етінің өндірістік қуатын 3282 тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік алды. Қазір мұнда жылына 8110 тонна түйетауық еті өндіріледі.

«Бүгінгі күні құс өсіру кешенінде өнімнің 55 түрі шығарылады – жеңіл диетаға арналған еттен бастап, қайта өндірілген ет түріне дейін бар. Өндірілген өнімнің 30 пайызы Ресейге экспорттталады, тасымалдың жарты шығынын «KAZNEX INVEST» өтейді, еттің 70 пайызы ішкі нарыққа түседі», - Мұрат Тағаев.

Компания басшысы «Инвестициялық салымдар бойынша агроөндірістік кешендер субъектілерінің жарты шығынын өтеу жөніндегі субсидиялау Тәртібін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізгеніне дән риза.

Қаулыға нақты өзгеріс енгізілгенде, кәсіпкер АӨК субъектісі ретінде құс өсіру кешенінің салынуына кеткен шығынның жарты бөлігін қайтарып алатынына сенім білдіреді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер