astana-view

«Ынтымақ» арқылы «Игілік» пен «Бірлік», «Берекеге»...

2016 жылғы 24 Қараша
- Солтүстік Қазақстан облысы
13068 просмотров

Уәлиханов ауданында мемлекеттік бағдарламалар бойынша несие алғысы келген ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерден өтінімдер қабылданып жатыр

Жақында Ауыл шаруашылығы министрлігінде ауылшаруашылық кооперативтерін дамытуға бағытталған жаңа несиелік құжат бекітілгені белгілі. Содан бері аудандағы ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер өтінім қабылдау күнін асыға күткен еді. «Ынтымақ» бағдарламасы аясында «Игілік» мал шаруашылығын дамытуға, «Бірлік» сүт қабылдау пункттерін ашуға, «Береке» отбасылық мал бордақылау алаңына құруға 31,8 млрд теңге бөлінген.

Әзірге ауданда «Береке» бағдарламасы бойынша өтініштер қабылданып жатыр. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ мен Кәсіпкерлер палатасының Уәлиханов аудандық филиалы бірлесе отырып, кооперативтер мен мал бордақылау алаңдарын құруға несие бөлу жұмыстарын ұйымдастыру үшін, қажетті құжаттар жинауда.

Ауылшаруашылық кооперативтері үшін бұл мал басын көбейтуге көмектесетін тиімді мүмкіндік, өйткені бағдарлама 12-24 айлық ірі қара мал алуға бағытталған. Қаржыландыру бір басқа 150 000 теңгеден аспауы керек. Ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер барлығы 4 миллион теңге несие ала алады. Жылдық тиімді сыйақы мөлшері 60 айға 6,7%-дан аспайды. Егер несие алушы жеке тұлға ретінде өтініш жазса, несие алу жөніндегі келісімшартқа қол қойылғанға дейін, жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, ауылшаруашылық кооперативіне өтуі керек. 

Жалпы 2016 жылдың соңына дейін Уәлиханов ауданындағы 20-дан астам несие алушыға қаржы бөлінеді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер