astana-view

Жайлылық пен жылылықты қатар сыйлады

2016 жылғы 24 Қараша
- Ақмола облысы
6577 просмотров

Жергілікті бизнесвуменге Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Шортанды аудандық филиалының сарапшылары  көмек көрсетті

Жылу беру маусымында ұзақ жанатын қазандықтарды орнату мәселесі өзекті бола бастайды. Дәл осы мәселемен ӨКП филиалына жеке кәсіпкер Любовь Газдиева шағымданды.

Кәсіпкердің кішігірім бизнес-орталығында бірқатар дәмханалар, кеңселер орналасқан. Соңғы уақытта ғимаратты жылыту қымбатқа түсе бастапты. «Табысымның көп бөлігі ғимаратты жылытуға, көмір алуға, от жағушылардың жалақысын төлеуге кетіп жатыр», – дейді бизнесвумен.

Филиал директоры Темірбек Алғазин арзан жылу агрегаттарын өндіретін бірнеше кәсіпкермен кездесу ұйымдастырды. Нәтижесінде таңдау жауапты маман ретінде танымал Дмитрий Шунеровқа түсті.

Дмитрий ұзақ жанатын қазандықты құрастырып, орнатып қана қоймай, оған біраз уақыт қызмет көрсетіп, күтім жасап отыруды да өз мойнына алды.

«Ғимаратымыз әлдеқайда жылы, жайлы боп қалды, өзім кәсіпкер болғандықтан үнемдегенді қалаймын. Кәсіпкерлер палатасына қолдау көрсеткені үшін рахмет», – дейді Любовь Сұлтанқызы.

«Любовь Газдиеваның өтініші тұрмыстық деңгейде болғанымен, маңызды мәселелер қатарына жатады. Күнделікті тәжірибеде кәсіпкерлердің әртүрлі мәселелерімен, қиындықтарымен ұшырасып, оларға қолдан келгенше көмектесуге тырысамыз», – дейді Темірбек Алғазин. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер