astana-view

Шағын несиеге зәрулік зор

2016 жылғы 24 Қараша
- Қостанай облысы
8749 просмотров

Моноқала саналатын Арқалықтың он тоғыз тұрғыны биыл Кәсіпкерлер палатасы филиалының қолдауымен өз кәсібін ашты

Жүзден аса адам кәсіпкерлік негізін оқытатын курстарға қатысты.

Мұндай сандарды Палата филиалының директоры Бағдат Хасенов бизнесмендерге есеп беру кездесуінде келтірді. Ол 2016 жылдың басынан бері атқарылған біраз істердің нәтижесі туралы баяндап берді, оның ішінде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының төртінші бағыты қалай жүзеге асқаны туралы айтты.

«Біздің кеңесші менеджерлер жергілікті тұрғындарға 46 тегін қызмет көрсетіп, 8 бизнес-жоспар құруға көмектесті. «Бизнес-көмекші» тегін курсы бойынша 84 тұрғын білім алды, «Бизнес-өсу» курсын 30 адам оқыды. Қаржылық емес қолдау шаралары нәтижесінде 19 жеке тұлға жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, мемлекеттік бағдарламалар арқылы 21 жоба қаржыландырылды. «Іскерлік байланыс» жобасы бойынша екі адам білім алып, тағы екеуі «Аға сеньорлар» жобасына қатысуға өтініш берді», – дейді Бағдат Хасенов.

Ол Арқалық қаласындағы екі тұрғынның бизнес-идеясын «Атамекен Қостанай» шағын қаржы ұйымы» ЖШС мақұлдағанын атап өтті. Несиенің жалпы сомасы 16,3 млн теңгені құрайды, қаржы жолаушылар автобусы мен таксопарк ашуға жұмсалған.

«Микроқаржы ұйымын құру Ұлттық кәсіпкерлік палатасы мен жергілікті атқарушы органдар жасаған өте өзекті қадам болды, өйткені, біздің қаланың тұрғындары қаржының қолжетімсіздігін айтып, жиі шағымданады. Шағын елдімекен тұрғындарына несие беруге банктер құлықты емес, олар өз қызметін айналым қаржысы мол, бизнесі аяғынан тік тұрған кәсіпкерлерге ұсынады. Талдау қорытындысы көрсеткендей, стартап жобаларды қаржыландыру тиімді жүргізілмейді. Осы мәселе бойынша микроқаржы ұйымдары көп олқылықтың орнын толтырып тұр», – деді Бағдат Хасенов.  

Филиал директоры бизнесті қорғау бойынша жүргізілген бірнеше жұмыстың нәтижесін жариялады. Мысал ретінде ықшам аудандардың бірінде қызмет көрсететін бір топ кәсіпкерлердің ұжымдық шағымы бойынша оң нәтижеге қол жеткізілген.

«Олар жол жүру белгілері сауда орталықтарына жетуге кедергі келтіріп жатқанына шағымданды. Біз бұл мәселені егжей-тегжейлі қарастырдық, қалалық прокуратураға жібердік, қазір прокуратурамен тығыз байланыстамыз. Прокуратура өз кезегінде бұл кедергіні жою үшін Арқалықтың Ішкі істер басқармасына нұсқау жіберді. Яғни, кәсіпкерлердің проблемасы шешілді, жол белгілері енді клиенттердің сауда жасауына кедергі келтірмейтін болды», – деп атап өтті Кәсіпкерлер палатасының Арқалық қаласындағы филиалының директоры Бағдат Хасенов. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер