Қаржы министрлігі: Жалған кәсіпкерлік жөнінде «Атамекенмен» ортақ ұстаным қалыптасты
Мемлекеттік сатып алулар саласында да кәсіпкерлерге бірқатар жеңілдіктер қарастырылған
Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатындағы шағын және орта бизнесті мемлекетті қолдау шараларының және Кәсіпкерлік кодексін жүзеге асырудың тиімділігін талқылау барысында ҚР Қаржы министрінің орынбасары Ардақ Теңгебаев мәлім етті.
Вице-министр ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы халықаралық тәжірибені ескере отырып әзірленгенін атап өтті. Осы орайда Дүниежүзілік банк сарапшылары Қазақстанның мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіруге байланысты жүргізген жұмыстарына оң баға берген. Заңды әзірлеу шеңберінде мемлекеттік сатып алудың барлық кезендеріне, ондағы тәуекелдерге талдау жүргізілген.
«Мысалы, бір көзден сатып алуды қоса алғанда, тек қана электронды форматта шарттар жасасу жайы Заңға енгізілді. Бұл сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша толық ақпарат түзуге және олардың орташа сатып алу бағасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Конкурстық құжаттаманы дайындау кезеніне қатысты тапсырыс берушінің техникалық ерекшелікті белгілі бір өнім берушіге қалыптастыру мәселесі бар екені белгілі. Бұл түйткілді шешу үшін Заңда техникалық ерекшелікті алдын ала талқылау институты енгізілген. Конкурстық өтінімдерді негізсіз себептермен қайтару, әлі күнге дейін мемлекеттік сатып алу саласында ең өзекті мәселе болып қалуда, - деп мойындады Қаржы министрінің орынбасары. - Мұндай деректерге жол бермеу үшін, алдын ала рұқсат беру хаттамасында қарастырылмаған, конкурстық өтінімдерді көзделмеген негіздер бойынша қабылдамауға тыйым салатын норма Заңмен белгіленген. Сонымен қатар, өтінімдерді ашқаннан бастап конкурсқа қатысушылар бір-бірінің конкурстық құжаттарын көруге, қабылданбаған және әлеуетті өнім берушіні таңдау себептерін өзара бағалауына болады. Мемлекеттік сатып алуда бәсекеліктің төмендеуінің басты себебі болып бір көзден сатып алу тәсілі табылады. Бұл ретте, бір көзден сатып алу тізімі 63-тен 54-ке қысқартылды».
Вице-министр салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру шеңберіндегі Қаржы министрлігі жұмыстарының нәтижесін әңгімелеп берді.
«Өздеріңізге мәлім, 2014 жылы мемлекеттік басқарудың реформасы шеңберінде Салық және Кеден комитеттерін біріктіру жолымен, қаржы және экономикалық қылмыстарды тергеу функциялары беріле отырып, министрлікте Мемлекеттік кірістер комитеті құрылды. Сондай-ақ, ҚР Бас прокуратурасы «Кәсіпкерлік салаладағы прокуратура қадағалауы» форумы аясында бизнесті қорғау саласының негізгі басымдықтары қайта қаралды. Енді сотқа дейінгі тергеу тек жедел іздестіру қызметі және алдын ала мұқият талдау, зерттеу жүргізілгеннен кейін, ал салық төлеуден жалтару жайттары бойынша тек заңды күшіне енген салықты тексеру актілері болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қылмыстық заңнаманы ізгілендіру шеңберінде, салықтарды толықтай төлеген жағдайда салық төлеушіні қылмыстық жауапкершіліктен босатуды көздейтін ҚР Қылмыстық кодексіне түзету енгізуге бастама жасалды», - деп хабарлады Ардақ Теңгебаев.
Бұдан басқа, вице-министрдің айтуынша, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, ҚР Қылмыстық кодексінің 215-бабын (жалған кәсіпкерлік) қылмыстық сипаттан арылту және заңды тұлғаны заңсыз құруға (құру, қайта ұйымдастыру) қылмыстық жауапкершілікті көздейтін жаңа 215-1-бабын енгізу туралы бірыңғай ұстанымдар әзірленген. Бүгінгі күні ұсыныстар Бас прокуратураның жұмыс тобымен қарастырылуда екен.
Сонымен қатар, әкімшілендіру процестерін оңайлату, кәсіпкерлік шығыстарын қысқарту, уақытты үнемдеуге мүмкіндік беретін электронды жүйелер белсенді түрде енгізілуде екені мәлімделді. Осылайша, 2014 жылдан бастап «Электронды шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі жұмыс істеуде.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: