astana-view

Қазақстан кедені жаңа жүйеге қосылады

2016 жылғы 25 Қараша
9490 просмотров

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Халықаралық сауда палатасына «Карнет АТА» халықаралық кепілдендірілген желісіне қосылу үшін құжаттар пакетін жіберді

«Карнет АТА (Carnet ATA)» – халықаралық кедендік стандарт құжаты. Ол кедендік декларация ретінде мойындалады және уақытша әкелінетін тауарларды баж салығынсыз кіргізуге және сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Құжат өз ішіне халықаралық айналымда қолданылып жүрген баж салықтарын, салықтар мен алымдар жөніндегі қаржылық кепілдемелерді қамтиды.

Жүйе қызметінің маңызды қырларының бірі – «АТА» халықаралық  тұжырымдамасын ратификациялаған елдердің барлығы бірдей автоматты түрде жүйеге кіре алмайды. Тиісінше, олардың аумағында кеден «Карнет АТА» арқылы қабылданбайды. Тек ресми түрде ұлттық кедендік орган бекіткен кепілдік беретін қауымдастық арқылы және Дүниежүзілік палаталар федерациясы ұлттық кепілдендіретін ұйымдарының халықаралық желісіне енгеннен кейін ғана, мемлекет «АТА» халықаралық жүйесіне қосылған деп саналады.

2010 жылы 3 қарашада Қазақстан Республикасының №346-IV заңы шығып, уақытша енгізу туралы  («АТА Карнет» тұжырымдамасы) халықаралық тұжырымдама ратификацияланған, бірақ кейіннен, Тұжырымдаманы жүзеге асыру жұмыстары тоқтап қалды. Ал ұйымның кепілдендіру қызметі сол кездегі Қазақстаннның Сауда-өндірістік палатасына жүктелмек болған. Бірақ түрлі құқықтық қайшылықтар себебінен ол іске аспады.

ҚР 2013 жылдың 4 шілдесіндегі №129-V «Қазақстан Республикасының Ұлтық кәсіпкерлер палатасы туралы» Заңының 14-бабы 14-тармағына сәйкес, беру және кепілдендіру қызметтері «Атамекен» ҰКП-ға жүктелді. Бұл тармақ 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енді. Өз кезегінде, ҰКП бұл қызметті өзінің еншілес ұйымы – Қазақстанның Сыртқы сауда палатасына жүктеді.

Қазақстанның Кедендік қызметі Халықаралық сауда палатасына Қазақстанның сыртқы сауда палатасын «Карнет АТА» жүйесі бойынша кепілдендіру және беру ұйымы ретінде тану туралы хат (01.02.2016 жылғы № МКК-10-1-2771-МКК-215) жолдады.

Бүгінгі таңда Қазақстанның сыртқы сауда палатасы Қазақстанға «Карнет АТА» жүйесін енгізу мақсатында түрл іс-шаралар жүргізіп жатыр. Ол 2017 жылдың қаңтар-ақпан айларында енгізілмек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер