astana-view

Барлығы «бір терезе» арқылы

2016 жылғы 28 Қараша
3895 просмотров

«Atameken Services» электронды қызметтер жобасы таныстырылды

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері және кәсіпкерлерді қолдау институттары қатысуымен «Үкімет бизнес үшін» бір терезе тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.  

«Еліміздегі кәсіпкерлердің 4% пайызы ғана қолдау тетіктері туралы хабардар, ал кәсіпкерлікті түрлі деңгейдегі қолдаумен жиырмадан астам ұйымдар айналысады. Сондықтан кез-келген қолдау түрі түсінікті, қолжетімді, жылдам әрі ыңғайлы болуы және неғұрлым көп кәсіпкерлерді қамту үшін барлық қолдау шараларын «бір терезе» аясына біріктіру орынды», – деді «Атамекен» ҰКП аппарат жетекшісі Эльдар Жұмағазиев.

Дөңгелек үстел қатысушыларына 2016 жылдың 3 қарашасында тұсаукесері болған «Atameken Services» (services.palata.kz) электронды қызметтер жобасы таныстырылды. Бұл жоба «Үкімет бизнес үшін» тұжырымдамасын техникалық іске асыру идеяларының бірі болып табылады. «Atameken Services» тетігі арқылы енді кәсіпкерлер орналасқан жерлеріне қарамастан, портал мен мобильді қосымша арқылы Палатаның қызметтерін пайдаланып, қажетті кеңес ала алады. Бұл жоба әсіресе ауыл тұрғындары үшін ерекше мәнге ие. Өйткені ел халқының тең жартысы ауылды жерде тұрады. 

«Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Мұрат Әбенов кәсіпкерлік қолдау институтарына күш біріктіре отырып, қолдау шаралары мен көрсетілетін қызмет түрлерінің барлығын «Atameken Services» бір терезесіне шығаруды ұсынды. Бұл еліміздегі кәсіпкерлерді қолдаудың саны мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Оның үстіне шараға қатысушылар бизнес-орта үшін электронды сервисті дамытудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерліктік дамыту департаментінің директоры Ғалия Жолдыбаева Ұлттық кәсіпкерлер палатасында «бір терезе» арқылы көрсетілетін қызметтердің әдістемелік және техникалық жай-жапсарын анықтау үшін кәсіпкерлікті қолдау инститтутары арасындағы өзара байланысты жолға қоюды ұсынды.

«Atameken Services» бір терезесіне ықпалдасудың жол картасын анықтау үшін қолдау интитуттарының көрсететін қызметтерін автоматтандырудың дайындық деңгейі мен дәрежесін бағалау мақсатымен арнайы жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер