astana-view

Күркетауық өсіріп, кіріске кенелмек

2016 жылғы 30 Қараша
- Солтүстік Қазақстан облысы
9038 просмотров

«Жас кәсіпкерлер мектебі» қатысушылары әзірлеген 6 озық бизнес-жоба арасында агроөнеркәсіптік кешен саласындағы стартап үздік деп танылды

Күркетауық – бұл мамық жүні кәдеге жарайтын үй құсы ғана емес, сонымен бірге еті жеңіл қорытылатын, салмағы 9 келіге дейін тартатын диеталық ет болып табылады. Дәл осы себепті, байқау жеңімпазы 29 жастағы Ермек Тентек күркетауық өсірумен айналысатын ферма ашуды жөн көрген. «Жас кәсіпкерлер мектебі» жобасы бойынша оқытудан өткен ол, «Идеялар жәрмеңкесі» байқауына қатысып, жеңімпаз атанды. Бүгінде аталған жоба Солтүстік Қазақстан өңіріндегі үздік жоба болып отыр.

Күркетауық етінің денсаулыққа пайдалы тұстары баршаға аян. Оның еті құнарлығы мен дәмі жағынан сиыр немесе тауық етімен салыстыруға келмейді. Алайда, күркетауық еті қазақстандықтар арасында әзірге жоғары сұранысқа ие емес дейді жоба авторы. Жоба құны – 6 миллион теңгеден асады. Ермек оны Тимирязев ауданында жүзеге асырмақ.

Байқауға жалпы «Жас кәсіпкерлер мектебінде» арнайы курстарды тәмамдаған 50-ге жуық жас азамат қатысқан. Осылайша, байқауға ақтық сынына олардың тек  6-ы өткен. Үздік жобаны арнайы құрылған комиссия таңдаған екен. Оның құрамына екінші дәрежелі банктердің, бизнес-құрылымдардың, Кәсіпкерлер палатасы мен Кәсіпкерлік және туризм басқармасының өкілдері енген.

«Идеялар жәрмеңкесі» байқауында жеңімпаз деп танылған Ермек Тентек, енді осы стартап арқылы қажет қаржыға қол жеткізе алады.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер