astana-view

Қосымша құн салығы көлемін азайту керек пе?

2016 жылғы 05 Желтоқсан
- Жетісу облысы
5727 просмотров

Қалалық кәсіпкерлер кеңесінде салық төлеу мәселелері талқыланды

Талдықорған қалалық Кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлер кеңесінің кезекті басқосуы өтті. Жиынның басты тақырыбы қосымша құн салығының (ҚҚС) мөлшерлемесін арттыруға арналды. Кеңес төрағасы Баниямин Файзуллиннің пікірінше, бизнес салаларының мүмкіндіктерін есептей отырып, ҚҚС қайта қарайтын уақыт келген. Қазіргі бекітілген ҚҚС барлық кәсіпкерлерге ыңғайлы әрі тиімді емес, сондықтан ҚҚС көлемін кеміту мәселесін қарастыру қажет. Одан әрі қарай қалалық кеңес мүшелері терең талдау жасап, өз ұсыныстарын ортаға салмақшы.

Сонымен қатар жуырда қалалық кеңес тариф бекіту мәселесін де көтермекші. Бірқатар мәселелерді талқылап, шешу үшін, мемлекеттік органдардың және компаниялардың қатысуымен жиын өткізіледі.

Талдықорған қалалық кеңесі әкімдікпен тығыз байланыс орнатып жатыр.

Баниямин Файзуллин: «Кеңес жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдармен байланыс орнатуы керек. Сол арқылы оларға кәсіпкерлердің ұстанымын жеткізіп, әкімшілік кедергілерді тауып, оларды жоюға, азайтуға көмек қолын созуға тиіспіз», - деді.

Қалалық кеңестің жанынан құрылған комитеттер осы бағытта белсенді көмек көрсететін болады. Бұдан сәл ілгеріректе агроөнеркәсіптік кешенді дамыту комитеті, сауда, қызмет көрсету және өндіріс пен құрылыс бойынша комитеттер құрылған болатын. Талдықорған әкімдігінің ресми интернет-ресурсында қалалық кеңестің қызметіне арналған арнайы айдар ашылады деп күтілуде.     


Еншілес ұйымдар

Серіктестер