astana-view

«БЖК-2020»: Павлодарда кәсіпкерлерге қызмет көрсететін орталық ашылады

2014 жылғы 18 Наурыз
3577 просмотров

Павлодарда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің сервистік орталығы ашылады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі Павлодар облысы кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының басшысы Қайрат Нүкеновке сілтеме жасап. 

Басқарма басшысының ақпаратынша, жаңадан құрылатын орталықта алты қызмет түрі көрсетіледі. Соның ішінде, жер учаскесін мақсатты тағайындауды өзгерту, пайдалануға енгізу актісін беру, инженерлік-коммуникациялық желілерге қосылуға техникалық жағдайларды беру бойынша. Оның үстіне Қ.Нүкенов сендіргендей, рұқсат құжаттарын беру мерзімі айтарлықтай қысқарады.

«Мысалға, талап етілетін қуаттылық есебімен электрмен қамтамасыз ету желілеріне қосылудың техникалық жағдайларын келісу мерзімі: 1 МВт-ке дейін 12 (31-ден 19 күнге дейін) күнге қысқарады, 1 МВт-тан жоғары 36 күнге (66-дан 30 күнге дейін) азаяды. Жер телімдеріне құжаттарды тіркеу мерзімі 90 күнге қысқарады», - деді Қ.Нүкенов. 

«Кәсіпкерде «бір терезеге» өз өтінімін беріп, белгілі бір уақыттан кейін электронды пошта арқылы дайын құжаттарды алу мүмкіндігі пайда болады. Осылайша, біз өңірдегі кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасаймыз», - деп атап өтті басқарма басшысы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер