astana-view

Елдің үздік тауарлары мен іскер компаниялары анықталды

2016 жылғы 06 Желтоқсан
2790 просмотров

Бүгін Астанада кәсіпкерлер мен кәсіпорындардың қызметі мен өнімі сынға түсетін, сондай-ақ сапалы жұмыс істеуге ынталандыратын отандық байқаулардың қорытындысы жарияланып, жеңімпаздарды марапаттаудың салтанатты шарасы өтуде.

«Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының жеңімпаздары лайықты марапатқа ие болды. Үздіктер үш аталымдағы «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халық тұтынатын үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» санаты бойынша анықталды

Осы жылы «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына өңірлік іріктеулерден лайықты деп танылған 145 компания қатысты.

«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымының 1-дәрежелі дипломымен Жамбыл облысының «Жамбылгипс» АҚ иеленді. Ал астаналық «Столичная стеклопакетная компания» ЖШС – 2-дәрежелі, «Алматинские краски» компаниясы 3-дәрежелі дипломмен марапатталды.

«Үздік азық-түлік тауарлары» аталымында нан өнімдерін дайындайтын балқаштық «Пульс» ЖШС 1-дәрежелі дипломант атанды. Ал Ақмола облысының ет өнімдерін шығаратын «Capital Projects LTD» мен  Шығыс Қазақстан облысының «Шығыс сүт» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне 2 және 3 дәрежелі дипломдар табыс етілді.

Сонымен қатар, «Халық тұтынатын үздік тауарлар» аталымынан 1-дәрежелі дипломант ретінде Оңтүстік Қазақстан облысының «Назар Текстиль» компаниясы танылды. Ал осы аталымның 2 және 3 дәрежелі дипломдары Алматы қаласынан «DOSFARM», Қарағанды облысынан «Руми-эн» жауапкершілігі шектеулі серіктестеріне берілді.

Республикалық көрме-байқаудың жеңімпазы атанған 9 компания «Қазақстанның үздік тауары» белгісін 4 жыл бойы жарнамалық мақсатта қолдана алады.

Сондай-ақ салтанатты шарада «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының арнайы «Іскер» сыйлығы өз қызметінде табыстарға жеткен, кәсіби деңгейі кәсіпкерлік ортаның жемісті өркендеуіне ықпалын тигізетін 10 кәсіпорынға табысталды.

Олардың қатарында еліміздің әр өңірінен түрлі салада қызмет ететін ұйымдар таңдалды. Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысынан жүк көлігін құрайтын «СемАз» зауыты, Қостанай облысынан  темір арматура шығаратын «Евразиан Каспиан Сталь» ЖШС, Ақтөбе облысынан ұн өнімдерін дайындайтын «Жаңа-Әлжан диірмені» ЖШС, Алматы қаласынан қоғамдық тамақтандыру және тағам саласында қызмет ететін «Қағанат Сервис» компаниясы және Маңғыстау облысынан аяқ киім тігетін «Zhamal-ai LTD» ЖШС үздіктер қатарында.

Сонымен қатар, «Іскер» сыйлығының иегерлері қатарында кәсіби мамандарды оқытумен айналысып келе жатқан «Павлодар басқару колледжі», жақпа май өндіретін «Масла и смазки Казахстана», отандық аяқ киім өнідірісін жадандыруға үлес қосып отырған «ТаразКожОбувь», шұжық өнімдерін дайындайтын «Қазетөнімдері» және де ішкі нарыққа әрі көршілес мемлекеттерге күріш шығарып отырған «Сыр Маржаны» компаниялары бар.

Қарлыға Мырзалимова


Еншілес ұйымдар

Серіктестер