astana-view

«Іскер» сыйлығының иегері: «Көшбасшылар қатарында болу – біз үшін зор мәртебе»

2016 жылғы 08 Желтоқсан
- Павлодар облысы
8958 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тағайындаған «Іскер» сыйлығы иегерлерінің бірі – Павлодар басқару колледжі

Бұл сыйлық ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға үміткер және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына қатысқан әрі өз саласында жетістікке жеткен таңдаулы кәсіпорындарға тағайындалады.   

Павлодар басқару колледжі өңірде өзін дәлелдей білген оқу мекемелерінің бірі, соңғы 15 жыл бойы бірнеше мәрте жоғары білікті мамандарды топтап шығарып жатқан білім ордасы.

Кәсіпорын директоры Александра Старинаның айтуынша, бұл бірінші жеңіс және марапат емес.

«2010 жылы біздің колледж республикалық «Парыз» байқауының «Үздік әлеуметтік жауапкершілігі бар кәсіпорын» аталымын жеңіп алды. Осы жетістік жаңа жеңістерге құлшындырды. Биыл алып отырған Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Іскер» сыйлығы біздің еңбегіміздің зор нәтижесін көрсетеді, сонымен қоса жаңа жетістіктерге қанаттандырады. Көшбасшылардың қатарында болу – біз үшін зор мәртебе», – деді оқу орнының басшысы.

Колледждің оқу-материалды базасы жоғары деңгейлі мамандар даярлауға мүмкіндік береді. Колледж түлектері тек Павлодар облысындағы ірі кәсіпорындарда ғана емес, алыс-жақын шетелдерде де жұмыс істеп жатыр. 

Павлодар басқару колледжі 2014 жылы ұлттық «Алтын сапа» ұлттық байқауына «Қызмет керсететін үздік кәсіпорын» аталымын бойынша қатысқан. Сол кезде колледжге Алғыс хат тапсырылған еді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер