astana-view

Лицензияға қол жеткізді

2016 жылғы 08 Желтоқсан
- Солтүстік Қазақстан облысы
5231 просмотров

Кәсіпкерлер палатасының филиалы кәсіпкер әйелдің даулы мәселесін шешіп берді

Екатерина Жуковская бұл проблемаға 2015 жылдың соңында тап болған. Оның меншігінде азық-түлік дүкені мен дәмхана-қонақүй бар еді. 2015 жылы 31 желтоқсанда кәсіпкер екі нысанның бірін сатып жібереді. Сосын Мемлекеттік кіріс басқармасына барып, оларға нысанды сатқаны туралы ақпарат беріп, құжаттарды қайта рәсімдеу үшін не істеу керектігін сұрайды. Бірақ ондағылар кәсіпкерге бұл мәселе бойынша жаңа жылдан кейін келуді өтінеді. 5 қаңтар күні Екатерина Жуковская Мемлекеттік кіріс басқармасына қайта келіп, мекеме қызметкерлеріне бұрынғы сауалын қайта қойғанда, оны басқа жауап күтіп тұр еді. Олар кәсіпкер әйелге екі сауда нүктесі үшін лицензиялық төлем төлеуге тиіс екендігін хабарлайды, себебі ол ішімдік сату туралы лицензиясын 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін өткізбеген екен. Кәсіпкер әйел өз меншігіндегі сауда нүктесі үшін және сатылып кеткен дәмхана-қонақүй үшін лицензиялық төлем төлеуге мәжбүр болады.  

ШҚО Кәсіпкерлер палатасы Айыртау аудандық филиалы директорының есептік кездесуі кезінде кәсіпкер әйел бұрынғы қателігін қайталамау үшін жиналғандарға осы мәселесін айтып берді. Оның мәселесі қадағалауға алынды. Шұғыл жұмыстың нәтижесінде мемлекеттік лицензияның қосымшасында көрсетілген сауда нысанының нақты мекенжайы белгіленді, әрі келесі нысанның лицензиясын қайта рәсімдеу үшін құжат тапсырылды. Биыл 24 қарашада Екатерина Жуковская өзінің жекеменшік нысанына мемлекеттік лицензия алды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер