astana-view

Сенім тұғыры

2016 жылғы 09 Желтоқсан
- Жетісу облысы
6768 просмотров

Талдықорғанда техникалық-кәсіптік білім беру мекемелерін (ТКБ) тіркеуден өткізу қырлары сөз болды

Кәсіпкерлер палатасы алаңында Тәуелсіз аккредитация және рейтинг агенттігінің (ТАРА) өкілдері бизнес өкілдеріне арнап оқу семинарларын өткізді. ТАРА аккредиттеу қағидаттары мен стандарттарын даярлап, оны ұйымдастырумен айналысатын Қазақстандағы екі тәуелсіз агенттіктің бірі болып табылады. Арнайы семинарды тәмамдағаны туралы сертификат, ТКБ мекемелеріне аккредиттеуден өткізу комиссиясына мүше болуға мүмкіндік береді. Айта кетер жайт, ТКБ мекемелері бұған дейін тек аттестациядан ғана өтетін. Ал, аккредиттеуден еліміздің ЖОО-лары өтуші еді.

Семинар барысында ТАРА Техникалық-кәсіптік білім беруді ұйымдастыру және сараптау, аккредиттеу жөніндегі жоба жетекшісі Ринат Гасимов аккредиттеуді өткізудің түрлері, кезеңдері мен процедуралары туралы баяндап берді. Осыған орай, алдымен, мекеме аккредиттеуден өту туралы өтініш беру қажет екен. Одан кейін, мекеменің өзін-өзі бағалауы өткізіліп, ішкі бағалауды жүзеге асыру үшін арнайы сарапшылар келуі тиіс. «Қандай да бір кемшіліктер орын алған жағдайда аккредиттеу 1 жыл мерзімге беріледі. Мерзім аяқталған соң, ТАРА сараптама комиссиясы білім беру мекемесіне келіп, аталған кемшіліктердің жойылғанына көз жеткізеді. Егер келеңсіздіктер толығымен жойылса, аккредиттеу мерзімі бес жылға дейін ұзартылады. Егер орын алған кемшіліктер бекітілген мерзім ішінде жойылмаса, аккредиттеудің қолданыс мерзімі тоқталылады, осылайша, білім беру мекемесінің аккредиттеуден өткені туралы шешімді қайтарып алғаннан күннен бастап, бір жыл бойы өтініш беруге құқығы болмайды», – деді сарапшы Р.Гасимов.

Аккредиттеу процесі келесі мәселелер бойынша жауап алуға жол ашады:

  • қоғам мен мемлекет аталған оқу орнын, талап етілетін міндеттерді орындай алатын білім беру мекемесі деп тани ала ма; 
  • оқу орны оқытушылар қауымы мен студенттердің одан әрі дамуына өз үлесін қосуы үшін, мүмкіндіктер жасап отыр ма;
  • оқу орнықызметіндегі басым бағыттар қаншалықты нақты таңдалған;
  • басқару шешімдері қалай қабылданады;
  • түрлі құрылымдық бөлімшелердің біртұтастығы қандай жолмен қамтамасыз етіледі. 

Қорыта айтқанда, аккредиттеу өткені туралы сертификат білім беру қызметі сапасының тұрақтылығы мен төзімділігінің кепілі болып табылады. Сондай-ақ,  ол білім нарығында бәсекеге қабылетті мүмкіндіктерді сақтауға жол ашады.  Сонымен қатар, аккредиттеу білім беру мекемесіне қоғам және мемлекет тарапынан орын алатын сенім мен жоғары беделдің қалыптасуына мүмкіндік береді. 

«Біріншіден, оқу орны аккредиттеуден өткізіп отырған орган талаптарына сай келсе, екіншіден, аккредиттеуші орган атынан қолға алынатын кейбір жеке өкілеттіліктер оқу орнына берілсе, ол «аккредиттеуден өткен» болып саналады. Осылайша, Алматы облысы бойынша ТКБ мекемелері арасында бірінші болып Талдықорған медицина колледжді аккредиттеуден өткен оқу орны мәртебесіне ие болды.  Аккредиттеудің басты мақсаты – оқу орнының миссиясы аясында оның оқу бағдарламалары мен жалпы білім беру мекемесінің тиімділігін анықтау болып табылады.  Жоғары стандарттарға сай келу, білім беру және тәрбие бағдарламаларын жақсарту – оқу орнының беделін арттырып, студенттер мен ата-аналардың сенімін арттыра түседі. Сонымен бірге, алдағы уақытта талапқа сәйкес, аккредиттеуден өтпеген ТКБ мекемелері, мемлекеттік білім беру тапсырысын ала алмайды. Бұл әрине, оқу орнының беделіне нұқсан келтіреді», – деді Кәсіпкерлер палатасы Адам капиталын дамыту бөлімнің сарапшысы Ардақ Қашқарова.

Семинар аяқталған соң, ТАРА мамандары қатысушыларға сертификаттар табыс етті. Осылайша, алдағы уақытта, сарапшылар аккредиттеу комиссиясы жұмысына қатыса алатын болды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер