astana-view

Зергерлердің өз Жол картасы болады

2016 жылғы 09 Желтоқсан
6853 просмотров

Нарық қатысушылары Үкіметтен адал кәсіпкерлерді қолдауды сұрады

Бүгін Астанада өткен Бірінші зергерлер форумының ұйымдастырушылары көптеген мәселелерді ортаға салды.

Айтылған жайттар 2016 жылы қаңтарда қабылданған «Бағалы металлдар мен асыл тастар туралы» заң нарықтағы адал кәсіпкерлер күн сайын ұшырасатын мәселелерді есепке алмағанын көрсетті.

Зергерлер лигасы кеңесінің төрағасы Қайсар Жұмағалиев мемлекеттік органдарда зергерлік бұйымдарды сатушылардың санын көрсететін нақты статистиканың жоқтығын, сатылым көлемін анықтайтын ақпараттың беймәлім екенін де атап айтты. «Себебі, бізде «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы классификаторының» екі түрі бар – зергерлік бұйымдарды өндіру мен бөлшек сауда. Бізде мұндайлардың бірнеше жүзі тіркелген. Ал, Сынама палатасында тек 138 адам тіркелген», – дейді Қайсар Жұмағалиев.

Лиганың басшысы ҚР Қаржы министрлігінің жауабын да айтып өтті, оған сай 2016 жылдың алғашқы алты айында зергерлікпен шұғылданатын кәсіпкерлерден түскен салық 766 мың теңгеге тең болған, ал нарықтың 90%-ы «көлеңкеде» жатыр. «Біздер, адал кәсіпкерлер, мемлекеттен өркениетті ашық нарық құруды сұраймыз, «көлеңкеде» өмір сүрген бізге де ыңғайлы, контрабанда жасап, салық төлемей жүру бізге де жақсы. Алайда бізді мемлекеттің реттегенін өзіміз қалап отырмыз», – деп атап өтті Қайсар Жұмағалиев.

Зергерлер кедендік ережелерді де қайта қарастыру керек дейді. Мәселе аффинаж зауытынан күміс сатып алуға қатысты, ол Астананың еркін экономикалық аймағында орналасқан. Бұл жерден сатып алынған тауарларды кедендік бақылаудан өткізу «тауардың бағасын өсіруге апаратын артық жұмыс» дейді Лигадағылар. Сондықтан аффинарлы күмісті қосымша құн салығынан босату ұсынылды.

Зергерлер ҚР Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитетімен бірге қылмыстық жолмен әкелінген, терроризмді қаржыландыруға жұмсалатын табысты заңдастыруға қарсы күрес ашуға ниет танытып отыр. Дегенмен, осының салдары өздеріне жақсы болмасын түсінеді. Зергерлер белгілі бір қаржылық шектен асқан келісімшарттар туралы Комитетке хабарлап отыруға міндетті. «Бұл жерде тағы да «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы классификаторында» тіркелген адал зергерлер ғана жиналып отыр. Ал, базарда зергерлік бұйымдар сататындарға бұл міндеттің қатысы жоқ. Ондай табысты олар өздері де көрсетпейді. Біз секілді адал кәсіпкерлер не істеуі керек? Сатып алушылар тағы да базар жағалайтынын біліп отырмыз. Адал зергер ақшасыз қалады, ақша көлеңкеге кетеді», – деп қапаланды Қайсар Жұмағалиев.

Дегенмен Үкімет зергерлік бизнесті қолдауға уәде беріп отыр. Форумға қатысқан Инвестициялар мен даму вице-министрі «Мемлекет, Үкімет, Парламент осы саланың дамуына мүдделі» екенін жеткізді. Астанадағы аффинаж зауытының қызмет тиімділігін бағалай келе Альберт Рау: «Біздің зауыт технологиясы дамыған, ол біздің кәсіпорындар өндіретін алтынның бәрін өңдейді» деді. Вице-министр мемлекет экспорттаушы компаниялардың шетелден білім мен кеңес алуға кеткен шығынын қайтарып береді деді. Зергерлік өндірістің келешегін Жол картасы анықтап отыратын болады, мұны ұсынған Инвестициялар мен даму вице-министрі оның ортақ жобасын Лиганың басшылығымен бірге жасағанын атап өтті. Шамамен бұл үдеріс 2017 жылдан басталмақ, сол кезде зергерлер министрлікке дайын ұсыныстармен келеді.   

ЖанарСердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер