astana-view

Тым қатал жаза белгіленген

2016 жылғы 12 Желтоқсан
8249 просмотров

Қазақстандық кәсіпкер Белоруссияның мемлекеттік органдарының үстінен шағым түсірді

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына «С.А.М. АLA» ЖШС-нен Беларусь Республикасының мемлекеттік органдарының әрекетіне шағым түсті. Шағымда көрсетілгендей, «С.А.М. АLA»  ЖШС мен италиялық «BudriIntarsio» компаниясы арасында жөндеу жұмыстарына арналған мәрмәр, мәрмәр тастарды қатырып қоятын материалға, орамал кептіретін құрылғыларға, сантехникалық қоспаларға, қыш тастарға, жарық түсіретін құрылғыларға келісімшарт жасалған екен. Жүкті «Дженти-Спедишн» бірлескен кәсіпорны (тасымалдаушы) жеткізіп беретін болған. 

2016 жылы 7 сәуірде тасымалдаушы құжаттар толтыруда қателік жібергендіктен, тауардың бәрін Беларусь Республикасы кедендік комитетінің Гродно өңірлік кедені тәркілеген, соның салдарынан 2016 жылы 8 шілдеде Гродно қаласының Октябрь аудандық соты көлік жүргізуші Александр Минтюкті әкімшілік құқық бұзушылық жасады деп, оны кәнілі етіп шығарады, БР «Әкімшілік құқық бұзушылықтар» Кодексінің 14.5 бабы бойынша оған әкімшілік жаза беріліп, 20 базалық мөлшерге тең (73765 теңге) айыппұл салады. «Дженти-Спедишн» БК 14.5 бабы бойынша құқық бұзды деп саналып, оған 70 базалық мөлшерде (258178 теңге) айыппұл салынады және «С.А.М. АLA» ЖШС тиесілі затын тәркілеп, қосымша 150 базалық мөлшерде (553240 теңге) айыппұл салған.

«С.А.М. АLA» ЖШС тауарды тәркілеп алу туралы әкімшілік жаза тым сорақы, бұл орын алған құқық бұзушылыққа лайық жаза емес деп санайды. Компания тасымалдаған жүктерінің арасында Беларусь заңнамасы шектеген немесе тыйым салған заттар мүлде болмаған. Алайда сот «С.А.М. АLA» ЖШС кінәсінің жоқтығын көрсеткен өтінішті мүлде есепке алмаған, ал шын мәнінде жеткізіп беру және құжаттарды рәсімдеу тасымалдаушының жауапкершілігіндегі іс, оның үстіне тауардың «Дженти-Спедишн» БК-ның емес, серіктестіктің меншігі болғаны үшін үстеме айыппұл салуы тіпті сорақы әрекет. 

Бұл қаулыға келіспеген «Дженти-Спедишн» оны Гродно қаласындағы облыстық сотқа береді. Облыстық сот бұл істі қайтадан Гродно қаласындағы Октябрь аудандық сотқа бағыттайды.  

Кәсіпкерге көмектесу үшін «Атамекен» ҰКП мамандары ҚР Бас прокуратурасына және ҚР Беларусь елшілігіне өтініш хат жазды.

ҚР «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» заңының 3 бабы бойынша Ұлттық палатаның мақсаты кәсіпкерлік субъектілерінің заңды мүдделерін қорғау және құқығын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік бастамаға оңтайлы құқықтық, экономикалық, әлеуметтік жағдай жасауға көмектесу.

«Осы өтінішті қарап, Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын иесіне тауарды қайтаруға қолғабыс етуді сұраймыз. Өтінішті қарастыру мен соның нәтижесінде қандай шара қабылдағандарыңызды Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасына хабарлауыңызды өтінеміз», – делінген ҰКП хатында.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер