astana-view

Алғыс айт та, ала бер

2016 жылғы 13 Желтоқсан
- Ақмола облысы
6579 просмотров

Бұланды ауданында ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай тағы бір «Алғыс үшін» қайырымдылық дүкені ашылды

«Алғыс үшін» дүкенінің ашылу салтанаты жергілікті меценат-кәсіпкерлердің қолдауының арқасында өтті. Олар: «Арна» нан қабылдау бекеті» ЖШС директоры Клара Меңдібаева, «Сарытомар» ЖШС директоры Тұрлыбек Болатов, «Макинский элеватор» ЖШС директоры Анатолий Даронин, «Азия» дүкенінің директоры Гүлайым Ахметова, қайтарымсыз негізде дүкен ашуға орын бөлген «Рамазан» сауда үйінің қожайыны Кенжебек Шортанбаев. Сондай-ақ аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі атсалысты. Щучинск қаласының танымал бизнесвумені, «Веста Бурабай» ЖШС-ның директоры Екатерина Жукова да өз үлесін қосты.

Дүкенді ашу барысында 36 көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға азық-түлік, жаңа аяқ киімдер және ойыншықтар табыс етілді. Сыйлықтар шараға келе алмағандар үшін де қарастырылған (тізімді жұмыспен қамту органы берген).

Қазірдің өзінде-ақ дүкенде балалар мен ересектерге арналған киім-кешектер, аяқ киімдер, азық-түліктер бар. Дүкен аптасына екі рет, яғни сәрсенбі, жұма күндері жұмыс істейді. Мекен-жайы: Сейфуллин көшесі, 25-үй.

Естеріңізге сала кетер болсақ, тұрмыс нашар көпбалалы отбасыларға, жетім балаларға көмек ретінде, төлемі «рахмет» деген сөзбен есептелетін дүкен ашу туралы әлеуметтік бастаманы Іскер әйелдер кеңесі көтерген болатын. Мұндай жоба облыстың бес өңірінде ашылған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер