astana-view

Сәнгерлер шетелде ұлттық киім дүкенін ашпақ

2016 жылғы 14 Желтоқсан
- Қостанай облысы
8511 просмотров

Қостанайлық сәнгерлер шетелдік әріптестермен ынтымақтастық орнатуға әзір

Олар өз жоспарлары туралы Кәсіпкерлер палатасында өткен «Іскерлік байланыстар» курсының сертификаттарын тапсыру кезінде айтты.

Барлық өңірлерден жиналған қырық үш бизнесмен үш аптаға созылған оқу барысында шетелдік серіктестермен жұмыс жасауды үйренді. Байланыс орнатуды, сауатты келіссөздер жүргізуді, ынтымақтастық туралы келісім жасауды, бір сөзбен айтқанда, бизнесті халықаралық деңгейге шығаруға көмектесетін дүниелердің барлығын меңгерді.

Қазақстан-Британ университетінің мамандары дәріс оқыды. Қатысушылардың айтуынша, олар пайдасы мол білім алған. Мәселен  «Эксклюзив» дизайн-студиясының басшысы Татьяна Магданова еуропалық киім дүкенімен өзара серіктестік құру мүмкіндіктерін қарастыруда. Ол ұлттық киімдер тігеді, 2016 жылы бизнесвумен киімдердің сапасы жөнінен «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқауында «Алтын ине» арнайы жүлдесін жеңіп алды.  Оның айтуынша, «Іскерлік байланыстар» курстары ойға алған жоспарларды іс жүзінде жүзеге асыруға көмектеседі.

«Шынымды айтсам, мен алған білімімді өз әріптестеріммен жұмыс жасау кезінде пайдаланып та үлгердім. Бұл тұста дәрістердің берген пайдасы мол болды. Егер жоспарлар туралы айтсақ, киім үлгілерін шетелдерге ұсынуды қалар едім. Шағын болса да, ол жақтан біздің ұлттық киімдер сатылатын дүкен ашсақ жақсы болар еді. Менің ойымша, оларға деген сұраныс жоғары болады», – дейді Татьяна Магданова.

«Бизнестің жол картасы-2020» бірыңғай бағдарламасы аясында қаржылық емес қолдау операторы саналатын Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары «Іскерлік байланыстарды» шетелдерде, Германия қалаларында тікелей орнатуға болатынын атап өтті. Бұл үшін курстан өтіп, сертификат алған қатысушылар тиісті өтінім берулері қажет. Қостанайлық бизнесмендер мұндай тәжірибеден бұрында өткен. Тек 2015 жылдың өзінде «Іскерлік байланыстар» шеңберінде өңірлік компаниялардың екі басшысы шетелде болып қайтты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер