astana-view

25 жылдықта – үздік көрсеткіштер

2016 жылғы 14 Желтоқсан
- Ақмола облысы
6289 просмотров

Тәуелсіздік құрдасы, Астрахань ауданындағы «Достық06» ЖШС ауылшаруашылық кәсіпорны өзінің 25 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр

Бұдан ширек ғасыр бұрын Мейрам Сағымбаев пен оның бес серіктесі «Достық» атты ауылшаруашылық кооперативін құрған. Араға жылдар салып, серіктестер жан-жаққа тарап кетеді. Бірақ Мейрамға серіктестерден «мұра» ретінде 2000 егістік жер қалады. Бірлестік атауына аздаған өзгеріс еніп, ол «Достық – 06» деп аталды.

Целиноград облысы Макин ауданының тумасы Мейрам Сағымбаев 1986 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын «агроном, ауылшаруашылық кәсіпорындарын ұйымдастырушы-экономис» мамандығы бойынша бітірген. Ол өз ісін құрарда бидай өнімдерін өндіру табыс әкеледі деген тоқтамға келеді. 2 мың гектар жерді игере бастаған ол, ақырындап өндіріс көлемін ұлғайтады, егістік жерлердің ауданын 6 мың гектарға дейін жеткізеді.

Аграрийдің айтуынша, ол ҚР ҰҒА академигі М.Сүлейменовтің ғылыми жаңалықтарын басшылыққа алған. Академиктің еңбектерінде Солтүстік Қазақстанның климаттық жағдайында ауыспалы егін шаруашылығы анағұрлым тиімдірек  деп жазылған. Осы технологияны негізге ала отырып, М.Сағымбаев өз шаруашылығында ауыспалы егіс егуді қолға алады. Яғни, ол асбұршақ пен жасымық егіп, одан кейін екі жыл бойы бидай өсіріп, одан кейін арпа, қайта бидай және соңында бұршақ тұқымдас дақылдар егеді. 6 гектар жердің 4 гектарына бидай егілсе, жасымыққа екі гектар бөлген. Ал қалған жерге асбұршақ егіледі.

Кәсіпкердің пікірінше, нөлдік технологияның артықшылықтары көп, бірақ түрлі ерекшеліктер де аз емес. Бұл тәжірибені зерттеу үшін ол бір емес бірнеше рет шетелдерде болды, оның ішінде Германия мен АҚШ-қа барған.

«Достық-06» ЖШС – шағын шаруашылық, онда 35 қызметкер жұмыс жасайды. Оның басшысының агрономия саласындағы тәжірибесі, ұйымдастырушылық қабілеті аз уақыттың ішінде кәсіпорынды өңірдегі ең мықты шаруашылықтардың қатарына қосты.

2000 жылы компания «Жазира» сауда-өндірістік, ойын-сауық кешенін ашты. Онда наубайхана, дүкен, қонақүй, кафе-барлар болды. «Достық – 06» – әлеуметтік бағыттағы кәсіпорын. Шаруашылықтың қаржылық жағдайы жақсарып, Астрахань ауданы Жарсуат ауылының тұрғындарына, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне қайырымдылық көмек көрсетті және спортты дамытуға демеушілік жасады.

Мейрам Сағымбаевтың уақыты тығыз болғанымен, ол қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысып отырады. Ол – «Қазақстан фермерлерінің одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің мүшесі, шағын және орта бизнес кәсіпкерлерінің аудандық қауымдастығының басқарма мүшесі.  Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі жетістіктері үшін, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан айтарлықтай үлесі үшін «Шапағат» медалімен және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығында мерейтойлық медальмен марапатталған.

«Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен компанияның мерейтойы қарсаңында осыған дейін жеткен жетістіктеріміз аз  емес. Биылғы жыл біздің кәсіпорын үшін өте табысты болды. Барлығы жасымықтың арқасында. Бұл дақылды сегіз жылдан бері өсіріп келеміз. Ал биыл оның әр гектарынан 20 центнер өнім алып, рекордтық көрсеткішке қол жеткіздік. Болашақта біз егін айналымы құрылымын өзгертіп, бес алқапты егістіктен төрт алқапты егістікке көшуді көздеп отырмыз. Ал онда жасымық егісінің де үлесі артады.

«Мені компанияның ширек ғасыр бойы ел экономикасына елеулі үлес қосып жатқаны қуантады. Барлық қазақстандықтарды мерекемен құттықтағым келеді. Себебі дәл осы мереке Қазақстан тәуелсіздігінің және еркіндігінің символы.

Бұл мереке бізге үнемі күш беріп, ел қамы, болашақ ұрпақ үшін тарихи сенім сыйласын деп тілеймін», – деді бизнесмен.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер