astana-view

Сан салалы сертификат беру мәселесі

2016 жылғы 15 Желтоқсан
7007 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасында тауар шығарушы елдерді анықтау және тиісті сертификаттарды беру мәселесі талқыланды

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында «Тауарларды шығарушы елдерді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру және оны қайтарып алу» тақырыбында өңірлік кәсіпкерлер палатасы мамандарының біліктілігін арттыруға арналған семинар-тренинг өтті.

Семинарға 16 өңірлік кәсіпкерлер палатасының тауарлардың шығарылымын сертификаттау жөніндегі мамандары қатысты.

Семинар бағдарламасына тауарларды шығарушы елдерді анықтайтын ережелер мен талаптарды регламенттейтін нормативті-құқықтық актілердегі өзгерістер, тауарды шығу тегі жөніндегі сертификатты беру, рәсімдеу және растау, тауардың шығу тегі туралы сертификат беретін автоматтандырылған  жүйе енгізу, тауардың шығарылымын сертификаттау жөніндегі мамандардың және осы саланың сарапшы-аудиторларының жауапкершілігін арттыру, кәсіпкерлік қызметте серіктестер ретінде тұрақтылық деңгейін анықтау мақсатында, СЭҚ (сыртқы экономикалық қызмет) қатысушылары мен кәсіпкерлік субъектілері реестрін жүргізу бойынша жұмыс жоспарын талқылау, іскерлік ойын өткізу, мамандарды аттестациядан өткізу мәселелері енді.

Жиында тауарлардың шығу тегі туралы сертификат беру, оны растау және рәсімдеу процедуралары мен оларды беруге қажет құжаттар тізімі сөз болды.  Семинарға, сондай-ақ, ҚР Инвестиция және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің бас сарапшысы Шынар Итқұсова қатысты. Орын алған мәселелерге тұшымды жауап алу мақсатында, семинар жұмысына ҰКП Мемлекеттік сатып алулар мен жергілікті құрам департаменті, Агроөнеркәсіп кешен және тамақ өнеркәсібі департаменті мамандары да тартылды. Өңірлік даму департаменті директорының орынбасары Нариман Әбілшайықов аталған жобаны іске асыруда серіктес болып табылатын СЭҚ қатысушылары мен кәсіпкерлік субъектілерінің реестрін жүргізу реті туралы баяндап берді.

«Бүгінде, бізде, СТ-KZ түрінде берілген сертификаттарға ішкі аудит жүргізу қызметі бар және кәсіпкерлік субъектілері осыны жиі пайдаланып жатады. Мәселен, бір тендерге қатысатын кәсіпкерлер бір-бірінің үстінен орынды және орынсыз шағым түсіріп жатады. ҰКП мұндай өтініштерге міндетті түрде араласып, одан шығу жолдарын қарастыру керек. Біз қос тарапқа да – сертификат алған өтініш берушіге де, сертификатты тексеру туралы өтініш берген кәсіпкерге тиімді болатындай шешім қабылдауға тырысамыз», – деді «Атамекен» ҰКП Өңдеуші өнеркәсіп департаментінің сарапшысы Эльмира Оразова.

Сондай-ақ, оның айтуынша, Ұлттық палатаға шетелдік серіктестіктер мен ЕАЭО қатысушыларынан көптеген өтініштер келіп түседі екен. Олардың басым көпшілігі аудит жүргізуге және қандай да бір сертификат мәліметінің дұрыс-бұрыстығына байланысты өтініштер. «Әрине, осындай тетіктер болатындықтан, олар жеңілдіктерден бас тартуы мүмкін. Импортталатын тауарларда нақты, тексерістен өткендігі жөнінде сертификат болуы тиіс. Осыған сүйеніп, импорттаушы ел, аталған ақпаратқа сұраныс жібере алады. Сол себепті, бұл мәселеде біз арқалайтын жауапкершіліктің жүгі ауыр екенін түсінгеніміз жөн», – деді Эльмира Оразова.

Тауардың шығу тегі туралы сертификатты өңірлік кәсіпкерлер палаталары беретінін ескере келе, аталған сертификатты беруге қажет құжаттар пакетін қарауда бірыңғай әдіс әзірлеудің маңыздылығы артып отыр. Сондай-ақ, тауардың шығу тегі туралы сертификаттарды беру және оларды растауды рәсімдеу процедуралары мен оларды беру үшін ұсынылатын құжаттар тізіміне қатысты нормативті-құқықтық актілерге толықтырулар енгізу мәселесін талқылаған жөн.

Семинар қатысушыларына түрлі жағдайлар қамтылған  құжаттар пакетін сараптау үшін,  іскерлік ойынға қатысу туралы ұсыныс айтылды. Содан соң бағдарлама аясында мамандар тестілеу арқылы аттестациядан өткізілді.

Тауарлардың шығарылымын сертификаттауға 16 өңірлік палатаның барлық мамандарын қамту үшін және сертификатты беру жұмыстарын тоқтатпау үшін, семинарлар екі кезеңде: 30 қарашада және 15 желтоқсанда өткізілді.

Айта кетерлігі, семинар жоғары деңгейде өтті. Онда тауардың шығарылуы туралы сертификаттар беру процедцедурасына қатысты қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу туралы бастамалар көтерілді. Алдағы уақытта аталған түзетулер өкілетті органдар қарауына беріледі деп күтіліп отыр. Сондай-ақ, семинарға қатысқан барлық мамандар аттестациядан жоғары көрсеткішпен өтті.

Семинар аяқталған соң, қатысушыларға Біліктілікті арттыру курсын тәмамдағаны туралы куәліктер табыс етілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер