astana-view

Геннадий Зенченко өмірден озды

2016 жылғы 18 Желтоқсан
- Солтүстік Қазақстан облысы
8609 просмотров

Белгілі қазақстандық аграрий Геннадий Зенченко 80 жасқа қараған шағында дүние салды

Геннадий Иванович Зенченко 1937 жылдың 4 мамырында Солтүстік Қазақстан облысы Приишим совхозында дүниеге келген. Еңбек жолын қарапайым жұмысшы ретінде бастаған. Петропавл ауыл шаруашылығын механизациялау техникумын, 1973 жылы Петропавл педагогикалық институтын сырттай бітірген. 1962 жылдан бастап Ленинский совхозында электрслесарь, одан соң мұнай базасының меңгерушісі қызметтерін атқарған. Ал 1965 жылдан механик, содан кейін МТЖ (машина-трактор жөндеу) меңгерушісі, 1968 жылдан  Ленинский совхозының аға инженер-механигі, Советский ауданындағы «Казсельхозтехника» бірлестігінің басқарушысы болды.

1973 жылы атқарушы комитет төрағасының орынбасары қызметіне сайланды. 1976 жылы Новоникольский совхозының директоры болды. 1997 жылы совхоз «Зенченко и компания» коммандиттік серіктестік болып қайта құрылып, Геннадий Зенченко бас директор қызметін атқарды. Аталған тұлға басқарған фермерлік қожалық Қазақстандағы үздіктердің қатарына енді. Ол Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы, «Отан» ордені мен «Алтын барыс» төсбелгілерінің иегері.

«Зенченко и К» компаниясы Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасымен белсенді түрде ынтымақтастық орнатқанын атап айту керек.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Геннадий Иванович Зенченконың отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.

Қаралы жиын Новоникольск ауылында 19 желтоқсан күні сағат түскі 12:00-де өтеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер