astana-view

Жетім көрсең жебей жүр...

2016 жылғы 21 Желтоқсан
- Қостанай облысы
9085 просмотров

Әулиекөл ауданы Кәсіпкерлер кеңесі балалар мен жасөспірімдерге арналған «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қайырымдылық көмек көрсетті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жыл толуына орай, бизнесмендер аудан әкімдігімен, мемлекеттік органдар өкілдерімен бірлесе отырып, балалар үйіне барып қайтты. Қайырымды жандар жеткіншектерге  ноутбуктар мен ой-өрісті дамытуға арналған ойыншықтар, тәтті-дәмділерді сыйға тартты. Мереке күніне орай, ата-ана қамқорлығынсыз қалған әрі мейірім мен махаббатқа зәру бөбектерге барып, оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлай білу – біздің міндетіміз әрі бизнесмендерге артылар зор жауапкершілік дейді кәсіпкерлер.

«Мұндай бөбектерге қол ұшын созып, көмек беру – қайырымды іс. Мерекеге орай, біз барлық кәсіпкерлерді аталған шараға қатысып, көмек беруге шақырдық. Мен мұндай қайырымдылық шараларын жарнамалап, оны баршаға мәлім ету жөн деп санаймын және бұл бір жолғы акция емес. Жағдайым келгенше адамдарға көмек көрсетуге тырысамын. Зейнеткерлерге он келілік азық-түлік тамақтары бар пакеттер ұсындық. Менің әріптестерім де осы сияқты көмек көрсетіп жүргендіктерінен хабардармын», – дейді аудандық Кәсіпкерлер Кеңесінің төрағасы Абдул-Вагап Митаев.

Әулиекөл ауданы Кәсіпкерлер кеңесі Кәсіпкерлер палатасы жанынан 2016 жылдың қазан айында құрылды. Кеңес құрамына жергілікті компанияларды басқаратын жеті бизнесмен енген. Олар Абдул-Вагап Митаев («Кайсар-Агро» ЖШС), Анатолий Зарицкий («Аманқарағай элеваторы» ЖШС), Жұмабек Тебенбаев (жеке кәсіпкер), Виктор Чурсинов ( Чурсинов В.В. ШҚ), Марина Малимон (жеке кәсіпкер), Қуаныш Байтұрсынов («Аман Терсек» ЖШС). Айта кетер жайт, мұндай кеңестер облыстың әр ауданы мен моноқаласында жұмыс жасап келеді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер