astana-view

Өңірлік кеңестің марапаты

2016 жылғы 23 Желтоқсан
- Жетісу облысы
9151 просмотров

Жергілікті кәсіпкерлер лайықты сыйға ие болды

Алматы облысы Өңірлік кеңесінің Қаратал ауданындағы көшпелі отырысында кеңес төрайымы Римма Салықова кәсіпкерлер мен Кәсіпкерлер палатасы қызметкерлеріне награда табыс етті.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен Өңірлік кеңестің мүшесі, «Еркем-ай Алматы» бала тәрбиелеу және білім беру орталығының және «Дана» жекеменшік білім беру мектебі» ЖШС-нің бас директоры Күләнда Батырбекова марапатталды.

«Атамекен» ҰКП ІІІ дәрежелі «Ісіне адалдығы үшін» медалімен Алматы облыстық Өңірлік кәсіпкерлер палатасына қарасты Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, Талдықорған қалалық маслихатының депутаты Мамилә Мұсабекова марапатталды.

Кәсіпкерлердің құқын қорғау облыстық кеңесінің төрағасы, Алматы облысы кәсіпкерлерінің біріккен қауымдастықтарының президенті Бениямин Файзуллин «Атамекен» ҰКП Кәсіпкерлерді қорғау кеңесінің төрағасы Ғани Қасымовтың Алғыс хатына ие болды.

Ісіне адалдығы, кәсіби біліктілігі үшін, кәсіпкерлік қауымдастықтың аяғына нық тұруына және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін «Атамекен» ҚР ҰКП Басқармасының Құрмет грамотасымен – Өңірлік кеңестің мүшесі, «Тамас» ЖШС бас директоры Асқар Пұсырманов, Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары, Кәсіпкерлердің құқығын қорғаушы Уәкілдің өңірлік өкілі Қанат Қабдиев, ӨКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау мен әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің басшысы Әділет Сұлтанбек, ӨКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау мен әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің сарапшылары Диас Оташбаев пен Думан Керімбаев марапатталды.

Белсенді азаматтық ұстанымы үшін, кәсіпкерлікті дамытуға қосқан ерен еңбегі үшін, Өңірлік кеңестің Алғыс хаты кеңес мүшелері Александр Хильниченкоға, Рустам Хакимовке, Қайрат Манликовке, Күләнда Батырбековаға, Жанатбек Сарғалдақовқа және Палата қызметкерлері – әкімшілік бөлімнің басшысы Данияр Жексембековке, ІТ-маман Азамат Юсуповқа, Кәсіпкерлер құқын қорғау мен әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің сарапшысы Думан Керімбаевқа, Ескелді ауданы филиалының директоры Әбен Тайжановқа, Текелі қаласы филиалының директоры Тұрысбек Жұмаділовке, Көксу ауданы филиалының директоры Марат Бакиевке, Қаратал ауданы филиалының директоры Марат Құсайыновқа берілді. Одан бөлек белсенді кәсіпкерлігі үшін «Башенов» ЖК директоры Қасенхан Башеновке (ЖК 1997 жылдан бері істеп келеді, бүгінге дейін 100 адамды жұмыспен қамтып отыр. «Тәтті» атты кондитер цехы 20 түрлі тоқаштар түрін шығарады, тұтас өңірге танымал), «Лад» ЖК директоры Агафья Лиге («Лад» деген дүкен, дәмхана, мейрамханалар Қаратал ауданындағы брендке айналды. Шымкентте өткен республикалық «Сауда үздігі» байқауында кәсіпкер «Үздік басшы» аталымын жеңіп алды) Алғыс хаттар табысталды.

Римма Салықова Қаратал ауданы басшылығына кәсіпкерлікті белсенді қолдағаны үшін алғыс айтты, аудан әкімі Қайрат Бисембаевқа Алматы облысы Іскер әйелдер қауымдастығының арнаулы «25 ізгі іс керуені» атты мүсінін табыстады. Бұл марапат әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға үлес қосқандарға беріледі. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер