astana-view

Нақты тетіктер қалыптасты

2016 жылғы 23 Желтоқсан
- Павлодар облысы
6164 просмотров

2016 жылы Павлодар облысы Кәсіпкерлік палатасының көмегімен бизнесмендер қомақты қаржы үнемдеді

Осы жылы кәсіпкерлер заңды құқығы мен мүддесін қорғауды сұрап, Кәсіпкерлер палатасына 200-ден астам шағым түсірген, олардың 85-і оң нәтижемен шешілді. 

Шағымдар мониторингі көбіне кәсіпкерлердің құқығы жер қатынастары, сәулет пен қала құрылысы, мемлекеттік сатып алу, салық заңнамасына қатысты бұзылғанын көрсетті.

«Бизнестің құқығын қорғау – Кәсіпкерлер палатасының қызметінің ең маңызды бағыттарының бірі. Бүгінгі таңда палата кәсіпкерлердің құқығы мен мүддесін қорғауда, қолдауда нақты тетіктерді қалыптастырып үлгерді. Оның арасында сотқа шағымдану, жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен сұхбат жүргізу де бар. Палатаның сарапшылары кәсіпкерлік субъектілерінің түйткілді мәселелерін қысқа мерзімде шешіп, жағдайды дұрыстау үшін тұрақты түрде кездесулер, дөңгелек үстелдер ұйымдастырады», – деді өңірлік Кәсіпкерлік палатасының директорының орынбасары Мәди Сыздықов.

Бір жылда Кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесінің 8 жиналысы өтті, онда 13 мәселе қаралып, оның 11-нде кәсіпкерлердің құқығы толыққанды қорғалды.

Мәселен, «Ақжар-Өндіріс» ЖШС мен «Директ» ЖШС арасындағы дау-дамайды шешуге жан-жақты қолдау көрсетілді, олар мемлекеттік органдардың кесірінен осындай қым-қиғаш жағдайға тап болған. Кеңес «арбаны да сындырмай, өгізді ді өлтірмей», мәселені екі жақтың көңілінен шығатындай етіп шешкен.

Сол секілді протез-ортопедиялық бұйымдар жасаумен шұғылданатын  «ОРТОПРОТ» ЖШС Палатаның көмегінің арқасында 40 млн теңгелік мемлекеттік тапсырысты сақтап қалды.

Оның үстіне Палатаның араласуымен аукцион арқылы жер сату жұмысы жүргізіле бастады, мемлекеттік кірістер органдарындағы қалыптасқан рұқсат беру қызметін тоқтату секілді қосымша өтемақыны өндіру жүйесі өзгертілді: егер бұрын алты айға есептелсе, қазіргі кезде өтемақы күнтізбелік күндермен өлшенеді, бұл бизнес нысанының ары қарай жұмыс жасай беруіне септеседі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер