astana-view

Ұрлық жиілеп кетті

2016 жылғы 27 Желтоқсан
- Батыс Қазақстан облысы
6213 просмотров

Бизнес-нысандар аумағында бөтен мүлікті ұрлау деректерінің саны былтырғымен салыстырғанда 17%-ға артқан

«Бұл проблема көптеген бизнесмендерге қатысты, – деді Кеңес төрағасы Қайдар Қапанов. – Сондықтан жүйелі проблемалар қатарына қосылып, Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес қарауына ұсынылды. Қазір алдымызда бюджеттің тым болмаса жартысын бизнес есебінен қалыптастыру міндеті тұр, ол үшін жағдай жасау қажет. Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес кәсіпкерлердің барлық, оның ішінде жеке және жүйелі шағымдарын қарайды. Мәселен, бизнес нысандарында жиілеп кеткен ұрлық деректері».

Кеңес мүшелері Орал қаласының прокуратурасы ұсынған сауда-ойын-сауық орталықтарындағы ұрлықтардың орын алу себептеріне қатысты талдауын тыңдады. Олар кәсіпкерлер тарапынан қолға алынған сақтық шаралары тым жеткіліксіз екенін айтады. Ал орнатылған бейнебақылау камералары сапасы төмен болғандықтан тиімсіз, ол заңсыз іс-әрекетке барған тұлғаны визуалды сәйкестендіруге мүмкіндік бермейді. Сонымен бірге, қала прокуратурасының пікірінше, нысандарда ескерту сипатындағы аудио, бейне хабарламалар жеткіліксіз және күзет орындары ыңғайсыз орналастырылған. Мұндай қарапайым алдын алу шаралары қылмыстың азаюына айтарлықтай әсер етуі мүмкін.

Отырысқа жиналған базарлар мен сауда орталықтарының өкілдері сақтық шараларының төмендігіне қатысты сын естіді. Мысалы, қаладағы «Мирлан» атты ірі базар бейнебақылау камераларымен жеткілікті деңгейде қамтылмаған. Ондағы камералардың саны одан бірнеше есе кіші базарлармен салыстырғанда бірнеше есеге аз болып шықты. Екінші жағынан, құқық қорғау органдарының атына да базарлар мен сауда орындарында болатын ұрлықтардың ашылуы өте төмен деңгейде жүзеге асып жатқанына қатысты сын айталды.

«Тіркелген ұрлық сандарының арту дерегі алаңдатып отыр, – дейді Кеңес мүшелері. – Сондықтан Кәсіпкерлер палатасы мен қаланың полиция қызметі нысандары техникалық қорғаныс құралдарымен жабдықталмаған бизнес субъектілерімен кездесулер өткізуі қажет. Мұндай шараларды олар прокуратурамен, жергілікті полция қызметімен  және Орал қаласы әкімдігімен өзара тізе қосып атқаруы керек. Сонымен бірге, олар түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ұрлық санының жоғары деңгейі тіркелген кәсіпкерлерге сақтық шаралары туралы консультациялық-құқықтық көмектер көрсетулері тиіс». 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер