astana-view

Жаңа жыл қарсаңындағы жақсылық

2016 жылғы 28 Желтоқсан
- Қостанай облысы
6027 просмотров

Қостанайлық кәсіпкерлер балаларға қайырымдылық көмегі жалғасып жатыр

Жаңа жыл қарсаңында Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңес төрағасы Василий Розиновтың атынан Меңдіқара ауданы Боровской мектеп-интернатының тәрбиеленушілерін Жаңа жылмен құттықтады.

Оқу-сауықтыру кешені көп жылдан бері қамқорлықта болғандықтан, бұл дәстүрлі кездесу түрінде өтті. Әр тәрбиеленуші жаңажылдық тәттілер қорабын алды. Алғыс ретінде балалар мұғалімдермен бірге қонақтарға ерекше театрландырылған қойылым көрсетті.

«Біздің интернатқа бүкіл облыстың балалары келіп оқиды. Тыныс алу мүшелері зақымданған ата-аналардың жүз отыз баласы тәлім алып жатыр. Олар Жаңа жыл кезінде тәттіден қағылмайтынын біліп алды, адал достары барын, міндетті түрде келіп құттықтайтынын біледі. Мұндай ықыласқа мейлінше разымыз», – дейді «Боровской мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Гүлмира Сейдахметова.

«Біз он жылдан бері қамқорлық жасап келеміз, – дейді Кәсіпкерлер палатасы Адам капиталын дамыту бөлімінің басшысы Манарбек Қазин. – Жалпы Қостанай кәсіпкерлерінің қайырымдылықпен айналысатыны көңіл қуантады. Олар мұндай жақсылықты риясыз, жариясыз жасайды. Мұндай мекемелерге тек мереке кезінде ғана көмек көрсетілмейді. Бұл мектеп-интернатқа біз алдағы уақытта да ат басын бұратын боламыз». 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер