astana-view

Халық арасында кәсіпкерлік кең таралады

2016 жылғы 28 Желтоқсан
7909 просмотров

Қысқа мерзімді кәсіби оқыту, 2017 жылы, қанатқақты тәртіпте бес облыста іске асырылады

Мамандар сұранысқа сай даярланады

Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Қостанай облыстарындағы білім беру Өнімді жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру шеңберінде жоспарланған.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен оның өңірлік палаталары оқуға үміткерлер тартуға және олардан өтінімдер қабылдауға, сондай-ақ техникалық және кәсіби білімі бар мамандарды даярлау үшін білім беру ұйымдарының тізімін анықтауға қатысады.

Бұдан бөлек, Ұлттық палата қысқа мерзімді кәсіби оқытуға, соның ішінде мобильді оқу орталықтары арқылы білім беру бағдарламаларын мақұлдап, белгілі бір мамандық игерген жұмысшыларға деген сұранысты болжауға қатысады. Сондай-ақ, жалпы алғанда ҰКП-ға,  Бағдарламаға қатысушыларды жұмыспен қамтуға көмектесу қызметі жүктелген.

Бағдарламаларға қатысушыларды қысқа мерзімді кәсіби оқыту, соның ішінде мобильді оқыту орталықтары арқылы оқыту, мамандарды даярлаудың дуальды үлгісінің сипаттары бар білім беру ұйымдарында жүргізіледі. Оның ұзақтығы мамандықтың ерекшелігіне байланысты бір айдан алты айға дейін созылады.

Бағдарлама аясындағы қысқа мерзімді кәсіби оқыту 29 жасқа дейінгі жастар мен жұмыссыздарға арналған, олардың халықты жұмыспен қамту және өзін-өзі жұмыспен қамту орталықтарында тіркеуде болуы маңызды емес. 

Қысқа мерзімді оқытудан бөлек, Бағдарламаның бірінші бағытын іске асыру шеңберінде еңбек нарығының сұраныстарын ескере отырып, техникалық және кәсіби білімі бар мамандарды даярлау жоспарланған. Бағдарламаның бірінші бағытының операторы – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі.

Халық жаппай кәсіпкерлікке оқиды

Бағдарламаның екінші бағытында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту арқылы бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту, кәсіпкерлік бастамаларды қаржыландыру және қалалар мен ауылдарда микронесиелерді кепілдендіру қарастырылған.

Бағдарламаның екінші бағытының операторлары: «Бастау Бизнес» жобасын іске асыру және қалалардағы шағын несиелендіру мәселелері бойынша –  Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, ауылдарда және шағын қалаларда шағын несиелендіру мәселелері бойынша – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі.

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін үйрену үшін үміткерлер, өздерінің өтініштері мен «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту ережелерінде қарастырылған қажетті құжаттарды алып, өңірлік кәсіпкерлер палаталарының (ӨКП) аудандық филиалдарына/халықты жұмыспен қамту орталықтарына/ауылдық округтің немесе елдімекеннің әкіміне бара алады.

Одан соң өтініш пен құжаттар үміткерлердің «Бастау Бизнес» жобасының мақсатты тобына сәйкестігін тексеру үшін, халықты жұмыспен қамту орталықтарына жіберіледі. Кейін ӨКП-ның аудандық филиалдары үміткерлерді тестілеуден өткізіп, топ жасақтайды және соның қорытындысы бойынша бекітілген формаға сәйкес халықты жұмыспен қамту орталықтарын хабардар етеді.

Тестілеуден сәтті өтіп, оқуға жіберілген үміткерлер «Бастау Бизнес» жобасына сәйкес оқуын жалғастырады. Тестілеуден өтпегендерге кәсіпкерлік негіздерін оқытатын курстарға немесе Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберіндегі қысқа мерзімді оқыту курстарына немесе басқа бағдарламаларға қатысу ұсынылады.

«Бастау Бизнес» жобасын қаржыландыру Бағдарлама операторлары мен қаржылай емес қолдау операторлары арасында тиісті шарттар жасау арқылы республикалық бюджет есебінен жүргізіледі.

Кесте. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жөніндегі мақсатты көрсеткіштер

Көрсеткіш атауы

Өлшем бірлігі

Іске асыру жылдары

Жауапты

2017

2018

2019

2020

2021

 

1

Кәсіпкерлік негіздері бойынша оқыған адамдар саны

Мың адам

15

30

30

30

30

ҰКП, жергілікті атқарушы органдар

2

Бизнес ашқан қатысушылар саны

%

20

20

20

20

20

 

 

Бизнеспен айналысқың келсе, ақша береді

Бағдарлама аясында ауылда, шағын қалаларда және қалаларда бизнес-жобаларын жүзеге асырғысы келген адамдарға микронесие беру жоспарланып отыр.

Микронесие кәсіпкерліктің өңірлік даму картасына сай жобаларға басымдық бере отырып ұсынылады. Жыл сайын 20 ақпанға дейін жергілікті атқарушы органдар ӨКП-мен бірге аудандар мен елдімекендердің салаланған өңірлік картасын даярлап, сол картаны микроқаржы ұйымдарына (МҚҰ)\екінші деңгейлі банктерге (ЕКБ)\несие серіктестіктеріне (НС)\ «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорларына\ «ҚазАгрогарант» АҚ-ға ұсынады.

Бағдарламаға қатысушыларды микронесиелендіру үшін жергілікті атқарушы органдар 7 жылға, қайтарымы бар, жедел, жылдық өсімі 0,01% болатын бюджеттік несие береді.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ ұсынатын микронесиелендірудің шарттары:

  1. несие беру мерзімі – 7 жылдан аспайды;
  2. жылдық сыйақы өсімі – 0,01%;
  3. игеру мерзімі – бюджеттік несиені алғаннан бастап 12 ай;
  4. мақсаты – несиелендіру/Бағдарлама аясында бизнес-жобаларды микронесиелендіру, МҚҰ\НС\ЕДБ қорына жинақтау, Бағдарлама аясында несие беру, бизнес-жобаларға микронесие бөлу;

МНҰ\НС\ЕДБ қорын жинақтау шарттары:

  1. қор жинау жедел, қайтарымды, ақылы, мақсатты түрде қолданылуы шарт, немесе тұрақты микроқаржы ұйымдарының, несие серіктестіктерінің, екінші деңгейлі банктердің көмегінсіз де қаржымен қамтамасыз етілуі мүмкін;
  2. несие мерзімі – 7 жылға дейін;
  3. сыйақы өсімі – «Даму» КДҚ» АҚ үшін 1%, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ үшін 2%;
  4. игеру мерзімі – бюджеттік несие алғаннан бастап 12 ай:
  5. мақсаты – Бағдарлама аясында бизнес-жобаларды несиелендіру\микронесиелендіру.

Бағдарламаның қатысушыларына микронесие 5 жылға дейін, мал шаруашылығымен айналысып, ауылшаруашылық кооперативтерін ашқысы келетіндерге 7 жылға дейін беріледі. Микронесиенің ең жоғарғы сомасы – 8 мың АЕК-ке дейін; жылдық тиімді сыйақы өсімі – 6%-ан аспайды.

МНҰ\НС\ЕДБ\«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на жеке кәсіпкерлерден қандай да бір комиссия, өсімақы, өзге де төлемдер алуға тыйым салынады. Ал егер жеке кәсіпкер несиеге байланысты міндеттерді дұрыс орындамаған жағдайда комиссия, өсімақы, өзге де төлемдер алуға, және сол  комиссия, өсімақы, өзге де төлемдер көлемі міндетті түрде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-дан басқа несие беруші ұйымдармен алдын ала хат түрінде келісіп алуы қажет.

Жеке кәсіпкерлер мүлікті бағалау мен сақтандыру шығындарын, оған қоса операциялық және есептік-кассалық қызмет көрсету комиссиясын төлейді.  

Бағдарлама қатысушыларының негізгі қарызды өтеуде жеңілдік мерзімін қолдану мүмкіндігі және несие берушінің шешімі бойынша микронесиенің негізгі бөлігін бекітілген мерзімнің үштен бір бөлігі ішінде өтегенде сыйақы алуға мүмкіндік бар.

Шағын несие қала халқына да, ауылдағы ағайынға да беріледі

Бұл кепілдік тек МҚҰ\НС\ЕДБ\ беретін микронесие бойынша микробизнес ашуға, бизнесті кеңейтуге, ауылды жерлерде кооперативтер құруға (әкімшілік бағыныштылығына қарамастан) және шағын қалаларда, қалаларда  жаңа микрокәсіпорындар ашуға, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейтуге арналады. 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асады.  

Ауылдық жердегі және шағын қалалардағы жергілікті атқарушы органдар бекіткен микронесиенің кепілдендіру комиссиясының мөлшері кепілдік мөлшерінің 30%-ын, ал қалалық жерде 20%-ын қамтиды.

Ісін енді бастаған кәсіпкер үшін кепілдік мөлшері микронесиенің 85%-нан, кәсібі бар кәсіпкер үшін микронесиенің 50%-нан аспауы тиіс.

Микроқаржы ұйымдары үшін операциялық шығынға бөлінетін субсидия шарттары мынадай:

1) субсидия мөлшері ауылдық жерде және шағын қалаларда «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қоры есебінен МҚҰ беретін микронесие мөлшерінің 10%-ын құрайды;

2) ауылдардағы және шағын қалалардағы микронесие беру бойынша бекітілген субсидия операторы ретінде «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ субсидиясын МҚҰ бір рет қана төлейді;

3) «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ауыл мен шағын қалаларға МҚҰ арқылы бөлетін қаржынының игерілуін субсидия операторы құжат түрінде дәлелдеп, микроқаржы ұйымдарының субсидиялық операциялық шығын ережелеріне сай өтейді;

4) Бағдарлама аясында МҚҰ берген барлық микронесиелер субсидия болып саналады.

Жұмысты бірге іздейміз

Еңбек нарығын тұрғындардың сергектігіне ескере отырып дамыту. Бұл Бағдарламаны жүзеге асырудың үшінші бағыты. Оның құрамында әлеуметтік кәсіптік бағдарлау енген:

1) еңбек қызметі туралы кәсіптік ақпарат тарату, еңбек нарығының ахуалы, өз мамандығы бойынша жұмысқа тұру мүмкіндігі немесе кәсіптік оқытудан өту;

2) жұмыс орнын таңдауда кәсіби кеңес беру және адамның жеке психологиялық мінездемесіне, өмірлік жағдайдың ерекшелігіне, кәсіптік білімі мен машығына, тұлғалық ерекшелігіне, денсаулығына, еңбек нарығының сұранысына қарай кәсіп таңдау;

3) кәсіби мамандарды біліктілік талаптарына, нақты мамандықтары мен лауазымдарына сай іріктеу.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары мен білім мекемелері өңірлік кәсіпкерлер палатасын және жекеменшік жұмыспен қамту агенттіктерін, немесе өзге де Қазақстан Республикасының заңнамасына сай келетін үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып, Қазақстан Республикасы мен мемлекеттік сатып алулар бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарға, гранттарға, сыйақыларға ортақтаса отырып кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жүргізеді.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыс тауып беру үшін жекеменшік жұмыспен қамту агенттіктерінің қызметіне жүгіне алады.

Жұмыс берушілерде жұмыспен қамту орталықтарымен келісе отырып, республикалық немесе жергілікті бюджеттен бөлінетін субсидия есебінен жұмыссыздарды жұмысқа тұрғызуға мүмкіндік бар.

Оның үстіне жастардың тәжірибеден өтуіне жұмыс орындарын ашу қамтылған. Ол үшін Халықты жұмыспен қамту орталықтары бекітілген ережеге сай жұмыс берушілермен келісімге келіп, жастардың тәжірибеден өтуіне және жұмысқа тұруына мүмкіндік жасайды. Мұндай кезде жұмыс орны жас маманның алған біліміне сай келуі міндетті.

Жұмыссыздарды уақытша еңбекпен қамту үшін халықты жұмыспен қамту орталықтары ешбір даярлықтан өтуді талап етпейтін әрі әлеуметтік-пайдалы бағыт бойынша қоғамдық жұмыстар ұйымдастыратын болады.

Азаматтардың қатысуы, қоғамдық жұмысты ұйымдастыру мен қаржыландыру Бағдарлама аясында жүргізіліп, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру ережесі бойынша жүзеге асады.

Жұмыс бар жерде өмір сүру де қолайлы

Бағдарлама жұмыссыз тұрғындарды еңбек қоры артық облыстардан еңбек қоры жетіспейтін облыстарға ерікті түрде көшіруді ұсынады.

Соңғы 10 жыл ішінде облыс халқының саны санақ көрсеткіштерімен салыстырғанда 2%-ға артқан және/немесе  халқының тығыздығы шаршы метрге шаққанда 6,4 адамнан келетін өңірлер қатарына Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары жатқызылды.

Соңғы 10 жыл ішінде облыс халқының саны санақ көрсеткіштерімен салыстырғанда 0,2 пайызға төмендей түскен немесе халық өсімі көп емес өңірлер қатарына Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары жатқызылды.

Бағдарламаға қатысушыларды мемлекеттік қолдау қоныс аудару мен тұрғын үйге (жалға алуға) кететін шығындар мен  коммуналдық қызметтерге өтемақы ретінде субсидия ұсынуды қамтиды. Қоныс аударуға берілетін субсидия  әрбір отбасы мүшесіне отыз бес реттік айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы төлем ұсынады; тұрғын үй (жалға алуға) шығындарына және коммуналдық қызметтерге субсидия ай сайын он екі ай бойы қалалық жерлерге көшетіндерге де, сондай-ақ ауылдық жерлерге көшкендерге де төленеді.

Жұмыспен қамтудың бірыңғай базасы

Бағдарлама еңбек нарығында бірыңғай ақпараттық база – «Еңбек биржасын» құруды қарастырады. Ол өзіне «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін (ААЖ) қосады, сөйтіп әлеуметтік-еңбек саласының Бірыңғай ақпараттық жүйесінің бөлігі болады, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен; жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің деректер базасымен, жұмыс іздеу және қызметкерлерді іріктеу интернет порталымен біріктірілген.

Жеке жұмыспен қамту агенттіктері өз қалаулары бойынша жұмыс іздеу және бос жұмыс жұмыс орындары туралы Порталда еркін ақпарат тарата алады.

Порталдағы өтініштер арқылы жеке жұмыспен қамту агенттіктері дербес деректерді қорғау саласында Қазақстан Республикасының заңына сәйкес мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінен жұмыс іздеушілері туралы мәліметтерді тексеру қызметін көрсете алады.

Жұмыс берушілер үшін Порталда жұмыс іздеушілердің деректер қорына қолжетімділік, бос жұмыс орындардың бар-жоғы туралы мәліметтерді жіберуге (бос орындар, ұсынылған бос орындарға сәйкес жұмыс іздеушілерді іріктеу жөнінде қызметтер алу, жұмыспен қамту орталықтарына жұмысқа алынғаны немесе жұмысқа алудан бас тартқаны туралы хабарлау, жұмыс берушінің жұмысының тоқтауына,  қызметкерлері саны немесе штатының  қысқаруына, өндіріс көлемінің немесе жұмыстар мен қызметтердің кемуіне байланысты жұмысшылардың босауы туралы алдын ала ақпарат беру, жоспарланған жұмыс орындары туралы мәліметтер жіберу, бағдарламаның бірінші бағыты бойынша жұмыс іздеушілер қатарынан кәсіптік оқуға өтінімдер жасау) мүмкіндік беріледі.

Жеке жұмыспен қамту агенттіктері Порталда жұмыс іздеушілер мен бос жұмыс орындары мәліметтер базасына онлайн рұқсат алады, жұмыс іздеушілер мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді заңға сәйкес еңбек делдалдығы бойынша коммерциялық қызмет көрсету үшін пайдалана алады, сондай-ақ дербес деректерді қорғау саласында Қазақстан Республикасының заңына сәйкес мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінен жұмыс іздеушілер туралы мәліметтерді тексеру мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар олар еңбек нарығындағы бірыңғай ақпараттық база – «Еңбек биржасын» құруға қатыса алады.

«Еңбек биржасына» бағдарламаның бірінші бағыты бойынша жұмыс іздеушілер  арасынан кәсіби оқуға өтініштер мен еңбекпен қамтылған, еңбек делдалдығы үшін өтініш білдірген тұлғалар саны туралы ақпарат көрсету арқылы қатыса алады.

Жалпы айтқанда, Бағдарламаны іске асыру аясында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша білім беру ұйымдарын, мамандықтар мен кәсіптер тізбегін анықтауға; Бағдарлама талаптарына сәйкес ниет білдірген тұлғаларды тартуда қысқа мерзімді кәсіби оқытуға, Техникалық және кәсіптік оқытумен кадрларды дайындауға және қысқа мерзімде кәсіби оқыту бойынша оқу бағдарламасын қабылдауға; мобильді оқу орталықтарын құруға, іске қосуға және іске асыруға қатысады. ҰКП «Бастау Бизнес» жобасы бойынша қаржылай емес қолдау операторы болып саналады. Жергілікті атқарушы органдармен бірге аудандар мен елдімекендерді мамандандыру картасын жасайды және Бағдарлама қатысушыларын еңбекпен қамтуда көмек көрсетеді.

 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер