astana-view

«Delta Bank» лицензиясы қайта жанданды

2016 жылғы 29 Желтоқсан
6260 просмотров

«Delta Bank» акционерлік қоғамына депозиттер қабылдауға және жеке тұлғаларға банк шоттарын ашуға рұқсат берілді

2019 жылдың 29 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының №318 «Delta Bank» Акционерлік қоғамына депозиттерді қабылдауға, жеке тұлғаларға банк шоттарын ашуға және құнды қағаздар нарығында өз қызметін жалғастыру мен өзге де банк операцияларын жүзеге асыруға  берілген лицензия жұмысын жандандыру туралы» қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) қабылданды деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкі.

Аталған қаулы бойынша 2016 жылдың 29  желтоқсанында «Delta Bank» АҚ-ға (одан әрі – Банк) депозиттер қабылдап, жеке тұлғаларға банк шоттарын ашуға рұқсат етілді.

Қаулы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы №1271 Жарлығымен бекітілген, Банктің капитализациялау және Банк акционерлері өтімділікті қолдау бойынша алған міндеттерін ескере келе, сондай-ақ, активтер сапасын жақсарту, Банктің ішкі бақылау және тәуекелді басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған бірқатар шараларды іске асыру туралы Банк құжаттары мен өтініштерін қарау нәтижелері бойынша, Ұлттық Банк туралы Ереженің 23-тармағының  31-тармақшасы негізінде қабылданды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер