astana-view

Стандартқа сай жұмыс істейді

2017 жылғы 09 Қаңтар
7533 просмотров

«Олимп» клиникалық-диагностикалық орталықтары аккредиттеуден өтті

Ұлттық аккредиттеу орталығы Қарағанды, Көкшетау, Павлодар, Өскемен және Атырау қалаларында орналасқан зертханаларға тәуелсіз сараптамалық баға берді. Солардың қорытындылары бойынша клиникалық-диагностикалық орталықтар «Медициналық зертханалар. Сапа және біліктілік талаптары» ISO 15189-2015 ҚР СТ стандарттарына сай келетіні туралы аккредиттеу аттестатын алды, деп мәлімдеді «Олимп» клиникалық-диагностикалық зертханалар желісінің бас директоры Ерлан Сүлейменов.

ISO 15189 стандарты бүкіл әлемдегі алдыңғы қатарлы зертханаларға қойылатын талаптар негізінде қабылданған. Ол бірқатар техникалық және басқару талаптарын қояды, соларды орындау арқылы зертханалар жұмыстың барлық кезеңдерінде талдау сапасын толықтай бақылап, оны мақсатты түрде жақсарта алады.

«Олимп» клиникалық-диагностикалық зертханалар желісі Қазақстанның барлық өңірінен филиалдар ашумен қатар, зертханалар желісі орындайтын зерттеу нәтижелерінің нақты әрі сапалы болуының арқасында елімізде кеңінен танылды.

«ISO 15189 стандартына сәйкес аккредиттеуден өту – зертханаларымыздың, онда қолданылатын құрал-жабдықтар мен технологиялар деңгейінің көрсеткіші, сондай-ақ ұжымымыздың үйлесімді жұмысының нәтижесі. Осының арқасында аккредиттелген зертханаларда ғана емес, басқа да зертханалардағы жұмыстар бірыңғай ережелер бойынша ұйымдастырылған, бұл зерттеулерді сапалы орындауға мүмкіндік береді. Аккредиттеуге келер болсақ, бұл – кезең-кезеңімен жүргізілетін процесс. 2017 жылы Қазақстанның өзге де қалаларындағы тағы алты «Олимп» клиникалық-диагностикалық зертханалар желісін аталған стандартқа сәйкес аккредиттеуден өткізуді жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті Ерлан Сүлейменов.

Естеріңізге сала кетсек, 2014 жылы Астана қаласындағы «Олимп» клиникалық-диагностикалық зертханасын, халықаралық аккредиттеу жөніндегі  орган  – Словак ұлттық аккредиттеу қызметі аккредиттеуден өткізген болатын.

2015 жылы «Олимп» клиникалық-диагностикалық зертханалар желісіндегі зерттеулер саны 6 миллионнан асса, 2016 жылы бұл көрсеткіш 67%-ға артып, 10 млн-ға жетті. Жалпы алғанда, он жылдың ішінде аталған ұйымда 30 млн-нан астам зерттеу жүргізілген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер