astana-view

«Атамекен» кәсіпкерлерді табиғи монополиялар туралы заң жобасын талқылауға шақырады

2017 жылғы 09 Қаңтар
6642 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының талқылауына «Табиғи монополиялар туралы» заң жобасы келіп түсті   

Заң жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылға арналған заң жобаларының жұмыс жоспарын орындау мақсатында әзірленген және келесі тұжырымдамалық міндеттерді шешуге бағытталады:

1.     қызмет тиімділігін арттыру мақсатында, табиғи монополиялар субъектілері қызметін реттеу әдістеріне серпін беретін үздік халықаралық тәжірибелерді біртіндеп енгізу;

2.     табиғи монополиялар саласындағы әкімшілік кедергілерді азайту;

3.     өкілетті орган мен табиғи монополиялар субъектілері қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру, оның ішінде өз қызметін жүзеге асыру барысында қолданылатын сараптамалық әдістер мен ережелердің тиімділігіне қол жеткізу;

4.     субъект қызметіне бақылауды күшейту.

«Табиғи монополиялар туралы» заң жобасы мәтінімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Заң жобасына қатысты өз ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді 2017 жылдың 16 қаңтарына дейін, s.biman@palata.kz электронды поштасына жолдай аласыздар немесе +7 7172 91 93 36 (Сейфуль-Мәлік Биман) байланыс телефоны арқылы хабарлай аласыздар.

Заң жобасын талқылауға http://bestprofi.com/home/document/1289719954?1 сілтемесіне өту арқылы қатысуға мүмкіндік бар. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер