Электр энергиясы тоқтаусыз қымбаттауда
Көкшетаулық кәсіпкерлерді тариф мәселесі ерекше толғандырып отыр. Мәселен, электр қуаты бағасының көтерілуі, әлеуметтік түйткілдерді күрделендіре түспек.
Өздерін алаңдатқан өзекті жайттарды, жергілікті кәсіпкерлер, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Ақ жол» партиясы фракциясының депутаты Меруерт Қазбековамен өңірлік Палата алаңында өткен кездесу барысында ортаға салды.
Бұл Мәжіліс депутатының бизнес-қоғамдастықпен өткізіп отырған бірінші кездесуі еместігін атап айту керек. «Осылайша, біз көкейтесті, әлеуметтік-экономикалық факторлары бар мәселелерді депутат арқылы Мәжілістің назарына ұсынғымыз келеді. Болашақта олар Үкіметке де жетеді деген үміттеміз», – деді ӨКП директоры Еркебұлан Баяхметов.
Сондай-ақ, бұған дейін өткен кездесулер барысында айтылған мәселелер өз шешімін табуда. Оның ішінде, халық қалаулысының айтуынша, қызу талқылаудан соң, шипажай-курорт (шипажай, профилакторий) ұйымдары және (немесе) балаларға арналған сауықтыру лагері болып саналатын жер қойнауын пайдаланушылар шығарған жерасты суларына бекітілген мөлшерлемелерді төмендетуге бағытталған түзетулер қабылданған, шығарылған жерасты суын бөлек есепке алу болмаған жағдайда мөлшерлемені анықтау тәртібі бекітілген.
Барлық бизнесмендер үшін маңызды болып отырған тарифтер мәселесін «Степногорск ЕБК» АҚ Анатолий Томилов бас директоры жеткізді. Компания басшысы соңғы екі жылда электр энергиясының құны екі жарым есеге артқанына наразы болды. 2016 жылдың қараша айына дейін 1квТ/сағ құны, ҚҚС есептемегенде, 5,85 теңге болған. Алайда жыл соңында «Көкшетау Энерго» ЖШС электр энергиясын тарату жүйесін «Степногорск Электротранзит» ЖШС-ға сатып жіберген. Осыған байланысты, электр энергиясының құны 7,95 теңгеге дейін өскен.
«Өнім шығару көлемінің айтарлықтай азаюы кезінде тарифтің бұлайша өсуі өнім көлемінің одан бетер кемуіне алып келуі мүмкін. Себебі, оның өзіндік құны өте жоғары болып кетеді. Сонымен бірге, мұның салдары әлеуметтік міндеттемелерді орындамауға апарып соқтырады», – дейді А.Томилов.
«Kazakhaltyn ТМК» АҚ бас директорының кеңесшісі Марат Қойшыбаев қылмыстық және әкімшілік заңнаманы күшейту қажет деген пікірін жеткізді. Оның айтуынша, компания өтініші бойынша СҚБР-де (сотқа дейінгі істерді қараудың бірыңғай резервінде) 102 қылмыстық құқықбұзушылық дерегі тіркелген. Оның 2-і ғана сотқа жолданған, бұл тұста, сот қорытындысы бойынша сотталушыларды ақтау туралы шешімдер шығарылған.
Барлық спикерлерді тыңдаған Меруерт Қазбекова, қызығушылық танытқан тараптардың пікірін есепке ала отырып, заң шығару бастамаларымен жұмыс жасау әлі де жалғасын табады деп сендірді. Қазірден бастап заңнамадағы жаңа түзетулер кәсіпкерлікті дамытуға септігін тигізеді деп болжауға негіз бар. Олардың ішінде, монополияға қарсы күрес органының өкілеттілігі мен басымдығы бар немесе монополиялық құзыретті асыра пайдалану жөніндегі нормаларды нақтылауға, нарық субъектісінің іс-әрекеттеріндегі монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілерін дер кезінде хабарлау құралдарын көбейтуге, сонымен бірге қоғамдық маңызы бар электр энергетикасы, газбен жабдықтау және тағы басқа салалардағы жекелеген қызмет түрлерін қамтитын нарықтарды реттеуге бағытталған түзетулер түзілген.
Бүгінде таңда, депутат, Шортанды қаласында дөңгелек үстел өткізіп жатыр. Онда «Бурабай су арнасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК-ға қатысты атышулы істің қатысушылары өзара мәмілеге келіп, мәселе оң шешімін табады деген үміттеміз. Істің толық мән-жайын біз алдағы күндері жазатын боламыз.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: