astana-view

Кәсіпкерлер мемлекеттік қызметтің сапасына риза ма?

2017 жылғы 11 Қаңтар
- Павлодар облысы
5467 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті

Топ құрамына мемлекеттік органдардың, бизнес-қауымдастықтардың, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардың өкілдері енді.

Жұмыс тобының төрайымы Гүлмира Қабиева айтып өткендей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесінде мемлекеттік және қоғамдық институттардың өзара әрекеттестігі үлкен рөл атқарады. Ведомствоаралық жұмыс тобының негізгі міндеттерінің бірі – қызмет көрсетушілер мен қызметті пайдаланушылардың кері байланысын қамтамасыз ету. Жұмыс тобын құрудағы мақсат –  жергілікті жерлерде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша түйткілді мәселелерді шешу үшін мемлекеттік органдардың, азаматтық сектордың және үкіметтік емес ұйымдардың күшін біріктіру, сондай-ақ халықтың пікірін ескере отырып, мемлекеттік қызмет сапасын арттыру бойынша қызметкерлерге ұсыныстар әзірлеу.

Өз кезегінде кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің басшысы Лашын Баймағанбетова, ӨКП қызметінің басым бағыттарының бірі кәсіпкерлікті дамыту екенін атап өтті. Бұл саладағы маңызды мәселелердің бірі – бизнес-қауымдастыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, әкімшілік кедергілерді азайту, бизнес жүргізу үшін оңтайлы және тиімді жағдайлар жасау.

Бірінші отырыстың қорытындысы бойынша жұмыс тобының алдағы жоспарына ұсыныстар енгізілді. Атап айтсақ, түйткілді мәселелерді кеңінен жариялау, мониторинг қорытындысы бойынша – мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын оңтайландыру мақсатында өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер